+288 бонус

БЕЛАРА 2 мг/0,03 мг № 21 таб

5770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Хлормадинон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 2 мг хлормадинон ацетаты, 0,03 мг этинилэстрадиол, қосымша заттар: магний стеараты, повидон-К30, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, үлбірлі қабық: темірдің қызыл тотығы (Е 172), пропиленгликоль, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), лактоза моногидраты, гипромеллоза.
Қолданылуы
- Пероральді контрацепция. Белара препаратын тағайындау алдында әйелде, әсіресе, вена тромбоэмболиясына (ВТЭ) қатысты жеке қауіп факторларының бар-жоғын ескеру керек, Белара препаратын қолдану кезіндегі ВТЭ қаупін басқа біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қабылдау кезіндегі қауіппен салыстыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
Төменде көрсетілген жай-күйлер болғанда БГК қолдануға болмайды. Белара препаратын қабылдау аясында келесі жай-күйлердің бірі туындағанда, препарат қабылдауды дереу тоқтату керек: - Бақыланбайтын қант диабеті. - Бақыланбайтын артериялық гипертензия немесе артериялық қысымның елеулі көтерілуі (140/90 мм сынап бағанасынан тұрақты асып кететін мәндер). - ВТЭ болуы немесе туындау қаупі: - Қазіргі уақытта (антикоагулянттар қабылдау) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ]) ВТЭ болуы - Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған ВТЭ бейімділігі, мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (V Лейден факторын қоса), III антитромбин тапшылығы, С протеин тапшылығы немесе S протеин тапшылығы. - Иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды операциялық араласулар («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). - Көптеген қауіп факторларына байланысты ВТЭ жоғары қаупі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). - Артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі: - Қазіргі уақытта немесе анамнезде АТЭ болуы (мысалы, миокард инфарктісі) немесе оның алдында болатын жай-күйлер (мысалы, стенокардия). - Ми қан айналымының бұзылуы - қазіргі уақытта немесе анамнезде инсульттің болуы немесе оның алдында болатын жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, [ТИШ]). - Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған АТЭ бейімділігі, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт). - Анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасымен бас сақинасының болуы. - Көптеген қауіп факторларының немесе төменде аталғандардан бір күрделі қауіп факторының болуы салдарынан АТЭ жоғары даму қаупі: - тамыр асқынуларымен қант диабеті; - ауыр артериялық гипертензия; - ауыр дислипопротеинемия. - Гепатит, сарғаю, бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалпына түсуіне дейінгі бауыр функциясының бұзылулары. - Әсіресе, алдыңғы жүктілік немесе эстрогендермен ем кезеңінде жайылған қышыну, холестаз. - Дубин-Джонсон синдромы, Ротор синдромы, өт бөлінісінің бұзылулары. - Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр ісіктерінің болуы. - Эпигастрийдегі айқын ауыру, бауыр ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кету симптомдары. - Алғаш анықталған порфирия немесе оның қайталануы (барлық үш түрі, әсіресе, жүре пайда болған порфирия). - Гормонға тәуелді қатерлі ісіктердің, соның ішінде анамнезде болуы, мысалы, сүт безінің немесе жатыр ісіктері. - Липидтер метаболизмінің ауыр бұзылулары. - Қазіргі уақытта немесе анамнезде гипертриглицеридемияның ауыр түрлерімен біріккен панкреатит. - Алғаш туындаған бас сақиналық ауыру ұстамалары немесе жиілеп кеткен ауыр сипатты бас ауырулары. - Жедел сенсорлық бұзылулар, мысалы, көру немесе есту қабілетінің бұзылулары. - Қозғалыс бұзылулары (атап айтқанда, парез). - Эпилепсиялық ұстамалар санының көбеюі. - Ауыр депрессия. - Алдыңғы жүктіліктер кезінде отосклероз ағымының нашарлауы. - Этиологиясы түсініксіз аменорея. - Эндометрий гиперплазиясы. - Этиологиясы түсініксіз қынаптан қан кетулер. - Менопаузадан кейін. - Жүктілік немесе оған күмән болуы, бала емізу кезеңі. - Алғашқы етеккір оралымына дейін (менархе). - Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза- галактозалық мальабсорбция. - Әсер етуші заттарға немесе «Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық. Веналар немесе артериялар тромбозын дамытатын бір күрделі немесе бірнеше қауіп факторының болуы қарсы көрсетілім болып табылады. Белара препаратын құрамында омбитасвир / паритапревир / ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Дозасы
Таблетканы 21 күн қатарынан күн сайын белгілі бір уақытта (дұрысы кешкілік) қабылдау керек, артынша таблеткалар қабылдауда 7-күндік үзіліс жасаған жөн. Соңғы таблетканы қабылдаудан кейін 2-4 күннен соң етеккірлік қан кетуге ұқсас «тоқтату» қан кетуі туындайды. 7-күндік үзіліс аяқталған соң қан кетудің тоқтауына немесе тоқтамауына қарамастан келесі қаптамадан Белара препаратын қабылдауға кірісу керек. Аптаның тиісті күніне белгіленген таблетканы блистерлік қаптамадан шығарып алу және, қажет болса, аздаған су мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұту керек. Таблеткаларды қаптамада көрсетілген бағыт бойынша күн сайын қабылдау керек. Таблеткалар қабылдауды бастау Егер гормональді контрацептивтер бұрын қолданылмаса (соңғы етеккір оралымы бойына) Бірінші таблетканы әйелдегі табиғи оралымның алғашқы күні, яғни келесі етеккірлік қан кетудің алғашқы күні қабылдау керек. Егер бірінші таблетка етеккірлік қан кетудің алғашқы күні қабылданса, препараттың контрацептивтік әсері қабылдаудың алғашқы күнінен басталады және таблеткалар қабылдаудағы жеті күндік үзіліс бойына жалғасады. Бірінші таблетканы етеккірлік қан кетудің 2-5 күні қан кетудің тоқтауына немесе тоқтамауына байланыссыз қабылдауға да болады. Бұл жағдайда қабылдаудың алғашқы жеті күні бойына контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану қажет. Егер етеккірлік қан кету бес күннен көп уақыт бұрын басталса, әйелге Белара препаратын қабылдауға кірісуді келесі етеккірлік қан кетудің басталуына дейін кейінге шегеру керек. Басқа гормональді контрацептивтен Белара препаратын қабылдауға ауысу Басқа біріктірілген пероральді контрацептивтен ауысу Әйел Белара препаратын қабылдауды бұрын пайдаланылған біріктірілген пероральді контрацептивтің қаптамасынан таблеткалар қабылдаудағы немесе плацебо-таблеткалар қабылдаудағы жеті күндік үзілістен кейінгі келесі күні бастау керек. Құрамында тек гестаген («мини-пили») бар препараттарданауысу Белара препаратының бірінші таблеткасын құрамында тек гестаген бар соңғы таблетканы қабылдаудан кейін келесі күні бастау қажет. Алғашқы жеті күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану қажет. Гормональді инъекциялық контрацептивтерден немесе контрацептивтік импланттан ауысу Белара препаратын қабылдауды имплантат алып тасталған күні немесе бастапқыда жоспарланған инъекция күні бастауға болады. Алғашқы жеті күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану қажет. Жүктіліктің бірінші триместрінде өздігінен болған немесе медициналық аборттан соң Белара препаратын қабылдауды жүктіліктің бірінші триместрінде өздігінен болған немесе медициналық аборттан кейін бірден бастауға болады. Бұл жағдайда қосымша контрацепция шараларын қолдану қажет емес. Босанудан соң, жүктіліктің екінші триместріндегі өздігінен болған немесе медициналық аборттан кейін Бала емізбейтін әйелдер препарат қабылдауды босанудан кейін 21-28 күндері бастай алады. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін қолдану қажет емес. Егер препаратты қабылдау босанудан кейін 28 күннен көп өткен соң барып басталса, алғашқы жеті күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану керек. Егер әйелде жыныстық қатынас болып үлгерсе, жүктіліктің бар-жоғын анықтау немесе препарат қабылдауды бастамас бұрын келесі етеккір оралымының басталуын күту керек. Лактация Бала емізу кезеңіндегі әйелдерге Белара препаратын қабылдау ұсынылмайды. Белара препаратын қабылдауды тоқтатудан кейін Белара препаратын қабылдауды тоқтатудан кейін ағымдағы оралымды шамамен бір аптаға ұзартуға болады. Құсу немесе диарея жағдайындағы ұсынымдар Егер құсу немесе қатты диарея таблетка қабылдаудан кейін 4 сағат ішінде туындаса, препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін, демек, контрацепция сенімділігі кепілді бола алмайды. Бұл жағдайда «Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажет болатын шаралар» бөлімінде берілген ұсынымдарға сәйкес әрекет ету керек. Белара препаратын қабылдауды жалғастырған жөн. «Тоқтату» қан кетуін қалай кейінге шегеруге болады Қан кетуді кейінге шегеру үшін, әйел Белара препаратының келесі қаптамасынан таблеткалар қабылдауды үзіліс жасамай жалғастыруы тиіс. Таблеткалар қабылдауды екінші қаптамадан таблеткалар біткенше қалауынша жалғастыра алады. Екінші қаптамадан таблеткалар қабылдау кезінде мардымсыз қан аралас бөліністер немесе «құйылған қан кету» болуы мүмкін. Таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі 7-күндік үзілістен соң Белара препаратын жүйелі қабылдауды жаңғыртқан жөн. Қан кетудің басталуын қолданыстағы сызба бойынша қан кету басталатын күннен өзгешеленетін аптаның басқа күніне жылжыту үшін әйелге келесі жеті күндік үзілісті қалаған күндер санына қысқартуға кеңес беруге болады. Таблеткалар қабылдаудағы үзіліс қанша қысқа болса, келесі қаптамадан таблеткалар қабылдау кезінде «тоқтату» қан кетуінің немесе «құйылған» кан кетудің немесе мардымсыз қан аралас бөліністердің (қан кетуді кейінге шегеру кезіндегідей) болмау ықтималдығы сонша жоғары. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Таблетканы 21 күн қатарынан күн сайын белгілі бір уақытта (дұрысы кешкілік) қабылдау керек, артынша таблеткалар қабылдауда 7-күндік үзіліс жасаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.