+275 бонус

Беклазон Эко легкое дыхание 250 мкг/доза 200 доз аэроз.ингал.доз.

9:00-ден кейін қолжетімді
5500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Беклометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Ирландия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір дозаның құрамында белсенді зат: - 100 мкг, 250 мкг сусыз беклометазон дипропионаты қосымша заттар: норфлуран (гидрофторалкан 134а), сусыз этанол 99.5 %
Қолданылуы
Бронх демікпесінің жеңіл, орташа және ауыр түрлерін профилактикалық емдеу: - Беклазон Эко Легкое Дыхание ингаляторы 100 мкг/ доза - ересектерде және 7-ден 12 жасқа дейінгі балаларда - Беклазон Эко Легкое Дыхание 250 мкг/доза ингаляторы бронходилататорлардың ең жоғары демеуші дозаларында және беклометазонның аз дозаларында демікпенің бақылануы жеткіліксіз болған жағдайларда беклометазонның жоғарырақ дозалары қажет болатын демікпесі бар ересек пациенттерге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық - 7 жасқа дейінгі балалар (100 мкг/ доза) - 18 жасқа дейінгі балалар (250 мкг/ доза)
Дозасы
Осы препарат тек ингаляциялық енгізуге арналған. Тиімді емделу үшін препаратты жүйелі қолдану керек. Беклометазон дипропионатының бастапқы дозасы аурудың түрін және ауырлығын ескерумен таңдалады. 100 мкг/доза үшін: Демікпе симптомдарын бақылау сақталатын ең төмен дозаны таңдау керек. Ересектер: Аурудың ауырлығына қарай, препарат дозасы күніне екі рет 100 мкг-ден күніне екі рет 500 мкг дейін (ең жоғары тәуліктік доза – 1000 мкг) болады. Демеуші доза, әдетте, күніне бірнеше қабылдауға 200- 400 мкг құрайды. Қажет болса, бірнеше қабылдауларға бөлінген күніне 1000 мкг дейін аса жоғары дозаларын қолдануға болады. Балалар (7-12 жас) Аурудың ауырлығына қарай, препарат дозасы күніне екі рет 100 мкг дейін (ең жоғары тәуліктік доза – 200 мкг) құрайды. 7 жасқа толмаған балаларға Беклазон Эко Легкое дыхание 100 мкг қолдануға болмайды, өйткені препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті деректер жоқ. Егер демікпе симптомдары тиісті бақыланатын күйде қалса, дозаны бақылауды қолдау мақсатында ең төмен тиімді дозасына дейін біртіндеп азайтуға болады. Емдеуден болатын емдік әсері бірнеше күн өткенде басталып, 2-3 аптадан соң жоғары шегіне жетеді. Пациентті басқа ингалятордан Беклазон Эко Легкое дыхание препаратына ауыстырғанда бұрынғы дозалануын сақтау немесе, қажет болса, препаратты жеке талаптарға сәйкес титрлеу керек. Осы ингаляторды оңтайландырғышпен немесе онсыз қолдануға болады. 250 мкг/доза үшін: Демікпе симптомдарының бақылануы сақталатын ең төмен дозасын таңдау керек. Ересектер Пациентте демікпенің ауырлығына қарай, препарат дозасы күніне екі рет 250 мкг-ден күніне екі рет 500 мкг дейін (ең жоғары тәуліктік доза – 1000 мкг) құрауы мүмкін. Демеуші доза, әдетте, күніне бірнеше қабылдауға 200- 400 мкг құрайды. Қажет болса, бірнеше қабылдауларға бөлінген күніне 1000 мкг дейін аса жоғары дозаларын қолдануға болады. Егер демікпе симптомдары тиісті бақыланатын күйде қалса, симптомдарды бақылау мақсатында ең төмен тиімді дозасына дейін біртіндеп азайтуға болады. Емдеуден болатын емдік әсері бірнеше күн өткенде басталып, 2-3 аптадан соң ең жоғары шегіне жетеді. Пациентті басқа ингалятордан Беклазон Эко Легкое дыхание препаратына ауыстырғанда бұрынғы дозалануын сақтау және, қажет болса, препаратты жеке талаптарға сәйкес титрлеу керек. Осы ингаляторды оңтайландырғышпен немесе онсыз қолдануға болады. Балаларға Беклазон Эко Легкое дыхание 250 мкг/ доза қолдануға болмайды, өйткені қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Ингаляциялық

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.