+84 бонус

БАРАЛГИН М 5 мл №5 амп

1680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Санофи Индия Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: натрий метамизолы 500 мг қосымша зат: инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Баралгин ® М препараты ересектер мен 3 айдан асқан балаларда қолдануға арналған: жарақаттан немесе хирургиялық араласымнан кейін айқын жедел ауырсыну жедел шаншып ауырсыну онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну басқа емдеу әдістері болмаған кезде айқын жедел ауырсыну немесе созылмалы ауырсыну басқа препараттармен емдеуге басылмайтын жоғары температура Парентеральді енгізу энтеральді енгізу мүмкін болмаған кезде ғана көрсетіледі.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық басқа пиразолондарға немесе пиразолидиндерге жоғары сезімталдық, оның ішінде осы топтың препараттарын қабылдағаннан кейін анамнездегі агранулоцитоз анальгетиктерді қолданғаннан кейін (салицилаттар, парацетамол немесе диклофенак, ибупрофен, индометацин немесе напроксен сияқты басқа есірткілік емес анальгетиктер) бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялар (мысалы, есекжем, ринит немесе Квинке ісінуі) пайда болатын пациенттер жедел ұстамалы бауыр порфириясы (порфирия ұстамаларының пайда болу қаупі) сүйек кемігі функциясының бұзылуы, мысалы, цитостатиктермен емдеуден немесе қан түзу ағзаларының ауруларынан кейін глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның туа біткен тапшылығы (гемолиз қаупі) жүктілік кезеңі (үшінші триместр) 3 айға дейінгі балалар жасы
Дозасы
Доза пациенттің Баралгин® М препаратына жеке сезімталдығын ескере отырып, ауырсыну немесе қызу қарқындылығына байланысты анықталады. Ауыруды басуға және температураны төмендетуге жеткілікті ең төменгі тиімді дозаны қолдану қажет. Балалар мен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге дене салмағының 1 килограмына 8-ден 16 мг-ға дейін натрий метамизолын бір рет қолдануға болады. Температураның жоғарылауы жағдайында балаларға дене салмағының 1 килограмына 10 мг натрий метамизолының дозасы жеткілікті. Ересектер мен 15 жастағы және одан асқан жасөспірімдер (> 53 кг) бір реттік доза ретінде 1000 мг-ға дейін қабылдай алады. Ең жоғары тәуліктік дозаға сәйкес бір реттік дозаларды күніне 4 ретке дейін, 6-дан 8 сағатқа дейінгі аралықпен енгізуге болады. Препаратты пероральді енгізгеннен кейін әсерге 30 минуттан кейін қол жеткізіледі. Гипотензивті реакция қаупін азайту үшін вена ішіне енгізу өте баяу жүргізілуі керек. Төмендегі кестеде дене салмағына және жасына байланысты препаратты қабылдаудың ұсынылған бір реттік дозалары мен ең жоғары тәуліктік дозалары көрсетілген: Дене салмағы Бір реттік доза Ең жоғары тәуліктік доза кг жасы мл мг мл мг 5–8 3-11 ай 0.1–0.2 50–100 0.4–0.8 200-400 9–15 1-3 жас 0.2–0.5 100–250 0.8–2.0 400–1,000 16–23 4-6 жас 0.3–0.8 150–400 1.2–3.2 600–1,600 24–30 7-9 жас 0.4–1.0 200–500 1.6–4.0 800–2,000 31–45 10-12 жас 0.5–1.4 250–700 2.0–5.6 1,000–2,800 46–53 13-14 жас 0.8–1.8 400–900 3.2–7.2 1,600–3,600 > 53 ≥ 15 жас 1.0–2.0* 500–1,000* 4.0–8.0* 2,000–4,000* * Қажет болса, бір реттік дозаны 5 мл-ге дейін арттыруға болады (2500 мг натрий метамизолына сәйкес келеді) және тәуліктік дозаны 10 мл-ге дейін (5000 мг натрий метамизолына сәйкес келеді). Көлемі 2 мл-ден асатын Баралгин М ерітіндісін бір рет енгізгенде (бұл 1000 мг натрий метамизолы моногидратына тең) осы дозаны енгізу қажеттілігін мұқият тексеру қажет, себебі енгізілген дозадан шығу тегі аллергиялық емес артериялық қысымның қатер шегіндегі төмендеуі дамуының ықтималдылық тәуелділігі болжанады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер, астениясы бар пациенттер және креатинин клиренсі төмендеген пациенттер Егде жастағы адамдарда, астениямен ауыратын пациенттерде және креатинин клиренсі төмен адамдарда дозаны азайту керек, натрий метамизолының метаболизмі өнімдерінің шығарылуы уақыт бойынша ұзағырақ болуы мүмкін. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі кезінде шығарылу жылдамдығы төмен болатындықтан, көп реттік жоғары дозаларды қолданудан аулақ болу керек. Егер препарат қысқа уақыт аралығында қолданылса, дозаны төмендету қажет емес. Бүгінгі күні бауырдың және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде натрий метамизолын ұзақ уақыт бойы қолдану туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне және бұлшықет ішіне. Негізінен, дозалауды және енгізу әдісін таңдау қалаулы ауыруды басатын әсеріне және пациенттің физикалық жағдайына байланысты. Көп жағдайда препаратты пероральді қабылдау арқылы қалаулы ауыруды басатын әсерге қол жеткізіледі. Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу жылдам әсер ету қажет болғанда немесе пероральді қабылдау көрсетілмеген кезде ұсынылады. Препаратты пероральді қолданғаннан кейін әсер 30-60 минуттан кейін, парентеральді қолданғаннан кейін – 30 минуттан кейін қол жеткізіледі. Енгізу әдісін таңдағанда, парентеральді әдіспен анафилаксиялық / анафилактоидты реакциялардың даму қаупі жоғарылағанын ескеру қажет. Баралгин® М, инъекцияға арналған ерітінді келесі ерітінділерде енгізілуі мүмкін: 5% глюкоза ерітіндісі, физиологиялық ерітінді (0,9% натрий хлориді ерітіндісі) және Рингер лактат ерітіндісі, бірақ ерітінділердің шектеулі тұрақтылығына байланысты дайындалғаннан кейін бірден енгізілуі керек. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді емшараға дейін адамның дене температурасына дейін жеткізілуі керек. Натрий метамизолының ерітіндісін өзара әрекеттесу қаупіне байланысты басқа дәрілік заттармен бір шприцте енгізуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.