+149 бонус

БАНЕОЦИН 250 ме+5000 ме №1 порошок

2990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антибиотики для местного применения другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Сандоз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г ұнтақтың құрамында белсенді заттар: 4.1667 мг бацитрацин мырышы (250 ХБ сәйкес келеді) + 10% 0.4166 мг артық, 7.4626 мг неомицин сульфаты (5000 ХБ сәйкес келеді) + 10% 0.7462 мг артық қосымша зат - ұнтақ негізі.
Қолданылуы
Банеоцин неомицин және/немесе бацитрацинге сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекциялар кезінде тиімді: - таратылуы шектеулі терінің бактериялық инфекциялары, соның ішінде Herpes simplex және Herpes zoster туындаған вирустық инфекциялардың бактериялық асқынулары, желшешек везикулалары, суланатын контагиозды импетиго, аяқтағы инфекция жұққан трофикалық ойық жаралары, инфекция жұққан экзема - хирургиялық (дерматологиялық) емшаралардан кейін қосымша ем ретінде: шаттың жыртылуы, эпизиотомия кезіндегі тілу және каутеризация, терідегі жарылуларды, суланатын жарақатты және тыртықты емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- бацитрацинге және/немесе неомицинге немесе басқа аминогликозидтік антибиотиктерге, қосымша заттарға жоғары сезімталдық - тері бөліктерінің ауқымды зақымдануы (себебі сіңірілуі естімей қалумен қатар жүретін отоуытты әсердің дамуын тудыруы мүмкін) - жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан шығару функцияларының айқын бұзылулары және бұрыннан вестибулярлық және кохлеарлық жүйелер зақымдануы бар пациенттерде, егер бацитрацин және/немесе неомицин белсенді заттарының сіңірілуі мүмкін болған жағдайлар - дабыл жарғағының тесілуі кезінде сыртқы есту жолына қолдану - көз ауруларын емдеу
Дозасы
Банеоцин тек қана сыртқа қолдануға арналған. Ересектер және 12 жастан асқан балалар: Банеоцинді тәулігіне екіден төрт ретке дейін қолданады. Қолдану ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Банеоцин ұнтағын жағатын аймақ дене беткейі ауданының 1 %-нан аспауы тиіс (бұл пациент алақанының өлшеміне сәйкес). Банеоцинді жұқа етіп зақымданған бөліктерге жағады, таңғышты пайдалануға болады. Банеоцинді көзге жағуға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.