+136 бонус

БАНЕОЦИН 20 г мазь

2720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антибиотики для местного назначения другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Сандоз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында белсенді заттар: мырыш бацитрацині 0.00367651 г (250 ХБ сәйкес), неомицин сульфаты 0.00749622 г (5000 ХБ сәйкес) қосымша заттар: жүннің шайыры 0.110 г, ақ жұмсақ парафин 0.8782689 г. 1 – құрамында + 5% артық мөлшері бар және 1 мг мырыш бацитрациніне 68 ХБ бацитрацин сәйкес келеді 2 – құрамында + 5% артық мөлшері бар және 1 мг неомицинге 667 ХБ неомицин сульфаты сәйкес келеді
Қолданылуы
Банеоцин® неомицинге және/немесе бацитрацинге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларға тиімді: - фурункулдар, карбункулдар (хирургиялық емшаралардан кейін), стафилококк туындатқан сикоз, терең фолликулит, іріңді гидраденит, жалған фурункулез, паронихия сияқты терінің ошақтық инфекцияларында - контагиозды импетиго, аяқтағы инфекция түскен ойық жаралар, екінші қайтара инфекция түскен экзема, жыртылған немесе кесілген жарақаттарда, күйіктерде, косметикалық хирургияда және теріні трансплантациялау кезінде екінші қайтара түскен инфекцияда (сондай-ақ профилактика мақсатында және таңғыштарға сіңдіру үшін) терідегі жайылуы шектеулі бактериялық инфекцияларда. - операциядан кейінгі кезеңде үлкен немесе кіші хирургиялық емшараларда қосымша ем ретінде: инфекция түскен қуыстар немесе жараларда арнайы жергілікті ем ретінде (мысалы, сыртқы құлақ отитінде, хирургиялық тыртықтарға қайтара инфекция түскен жағдайда).
Қарсы көрсетілімдер
- бацитрацинге және/немесе неомицинге немесе басқа аминогликозидті антибиотиктерге, қосымша заттарға жоғары сезімталдықта - тері бөліктерінің ауқымды зақымданулары (өйткені сіңірілуі естуден айрылумен қатар жүретін отоуытты әсер өршуін туғызуы мүмкін) - егер бацитрацин және/немесе неомициннің белсенді заттары сіңірілетін болса, вестибулярлы және кохлеарлы жүйенің орын алған зақымданулары бар пациенттерде жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан бөлу функциясының айқын бұзылуларында - дыбыс жарғағы тесілген кезде құлақтың сыртқы есту жолына пайдалануға болмайды - көз ауруларын емдеуде қолданылмайды
Дозасы
Ересектер мен туылған күнінен бастап 18 жасқа дейінгі балалар: Банеоцин® препараты тәулігіне 2-3 рет қолданылады. Банеоцин® препаратын қолданудың ұзақтығы 7 күннен аспауы керек. Банеоцин® препаратын жағу ауқымы дене беті ауқымының 1%-нан (ол пациенттің алақаны мөлшеріне сәйкес келеді) аспауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Тек жергілікті (сыртқа) қолдануға арналған. Банеоцин® препаратын жұқа етіп зақымданған бөліктеріне жағады, окклюзиялық емес таңғыш пайдаланылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.