БАКТЕРИОФАГ ПИО 20 мл №4 фл Грузия

10755 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лечебные средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Грузия
  • Өндіруші: Биохимфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препарат құрамында белсенді заттар: бактериялар фаголизаттары стерильді фильтратының қоспасы:Staphylococcus, Streptococcus, Escherichia coli, Proteus, Pseudomonas aeruginosa, фагының титрі 1х106 кем емес қосымша зат: жоқ.
Қолданылуы
Streptococcus, Staphylococcus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus бактерияларынан туындаған іріңді-қабыну ауруларын емдеу және профилактикасы. лор-ағзалар мен тыныс алу жолдарының инфекциялары (мұрын қойнауының, ортаңғы құлақтың қабынуы, баспа, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, плеврит) хирургиялық инфекциялар (іріңді жара, күйік, абсцесс, флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций, парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит) урогенитальды инфекциялар (уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит) асқазан-ішек жолдарының инфекциясы (стоматит, парадонтит, холецистит, энтероколит, ішек дисбактериозы) жайылған сепсистік аурулар жаңа туған нәрестелердің іріңді-қабыну аурулары (омфалит, пиодермия, конъюнктивит, сепсис) хирургиялық манипуляциялар мен операциялар кезінде іріңді асқынулардың профилактикасы үшін жаңа жараларды өңдеу жедел респираторлы-вирустық аурулар кезінде бактериялық асқынулардың профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Бактериофаг препараттарын сәтті қолданудың маңызды шарты қоздырғыштың фагосезімталдығын анықтау және препаратты ерте қолдану болып табылады. Препарат әсіресе аурудың бастапқы сатысында және тікелей зақымдану ошағында қолданған кезде тиімді. Сұйық пио бактериофагы ішке (ауыз арқылы, клизма түрінде), жергілікті (шаю, суландыру, дымқылдау түрінде), қуысқа (жара, абсцесс, құрсақ, плевралық қуыстар, флегмона, мұрын, мұрын қойнаулары, ортаңғы құлақ, қуық, жатыр, қынап) енгізу үшін тағайындалады. Жергілікті зақымдануы бар іріңді-қабыну ауруларын емдеу үшін сұйық Пио бактериофаг бір уақытта тағайындалады: жергілікті және ішу үшін (per os). Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін. Доза зақымданған аймақтың мөлшеріне байланысты жеке анықталады. Препарат іріңді пункция көмегімен алып тастағаннан кейін ошақтың қуысына енгізіледі. Енгізілетін препараттың мөлшері алынған іріңнің көлемінен біршама аз болуы тиіс. Келесі күндері препарат дренаждың көмегімен инфекцияланған қуысқа енгізіледі. Процедура күніне 1 рет, 3-5 күн бойы жүргізіледі. Цистит, пиелонефрит, уретрит кезінде препарат ішке қабылданады. Егер қуық немесе бүйрек түбекшесінің қуысы дренаждалған болса, бактериофагты күніне 2 рет қуыққа 20-30 мл және бүйрек түбекшесіне 5-10 мл енгізеді. Гинекологиялық іріңді-қабыну ауруларында препарат күніне 5-10 мл дозада қынаптың, жатырдың қуысына бір рет енгізіледі. Құлақтың, тамақтың, мұрынның іріңді-қабыну ауруларында препарат күніне 1-3 рет 2-10 мл дозада енгізіледі. Бактериофаг шаю, жуу, тамызу, суланған турундаларды енгізу үшін қолданылады (оларды 1 сағатқа қалдырып). Іріңді Тонзиллитті емдеу үшін препарат шаю үшін қолданылады және сонымен бірге per so тағайындалады. Стоматит пен созылмалы жайылған пародонтиттерді емдеу кезінде препарат 10-20 мл дозада күніне 3-4 рет ауыз қуысын шаю түрінде қолданылады, сондай-ақ пиобактериофагқа малынған турунданың пародонтальды қалталарына 5-10 минутқа енгізіледі. Аурудың ішектік формаларында, ішкі ағзалардың ауруларында, дисбактериозда, сұйық Пио бактериофаг ауыз арқылы және клизма түрінде қолданылады. Препарат ашқарынға тамақтанудан 1 сағат бұрын беріледі. Клизма түрінде күніне 1 рет, кешке, ұйықтар алдында, ішек босағаннан кейін тағайындалады. Препараттың ұсынылатын дозалары: Жасы ауыз арқылы клизма түрінде 6 айға дейін 5 мл х күніне 1 рет 10 мл х күніне 1 рет 6 айдан 12 айға дейін 5 мл х күніне 2 рет 10 мл х күніне 1 рет 1 жастан 3 жасқа дейін 5 мл х күніне 3 рет 20 мл х күніне 1 рет 3 жастан 8 жасқа дейін 10 мл х күніне 2-3 рет 30 мл х күніне 1 рет 8 жас және одан жоғары 20 мл х күніне 2-3 рет 40 мл х күніне 1 рет Профилактикалық пайдалануға арналған дәрілік заттың дозасын дәрігер анықтайды. Енгізу әдісі мен жолы Сұйық Пио бактериофагы ішке, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жоғарыдағы кестені қолданыңыз немесе дәрігермен кеңесіңіз. Емдеу ұзақтығы Препаратты 5-10 күн бойы қабылдайды. Емдеуді дәрігердің кеңесімен жалғастыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.