+127 бонус

АЗОПТ 1% глазные капли 5 мл

2545 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бринзоламид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Алкон-Куврер Н.В. С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл суспензияның құрамында: белсенді зат – 10 мг бринзоламид; қосымша заттар: бензалконий хлориді 50% ерітінді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, тилоксапол, маннитол, карбомер (974Р), натрий гидроксиді және/немесе рН түзетуге арналған хлорсутек қышқылы, стерильді тазартылған су.
Қолданылуы
Азопт препараты мынадай жағдайларда жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін арналған көз гипертензиясы, ашық бұрышты глаукома бета-адреноблокаторлардан немесе бета-адреноблокаторларды қолдануға болмайтын ересек пациенттерде монотерапия ретінде немесе бета-адреноблокаторларға немесе простагландиндер аналогтарына қосымша ем ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық сульфонамидтерге жоғары сезімталдық бүйрек функциясының ауыр бұзылуы гиперхлоремиялық ацидоз
Дозасы
Монотерапия немесе қосымша ем ретінде пайдаланған кезде зақымданған көздің конъюнктивалық қабына Азопт препараты доза күніне екі рет бір тамшыны құрайды. Кейбір пациенттерде күніне үш рет бір тамшы дозадан жақсы жауап болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Жаңа туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі сәбилерде, балалар мен жасөспірімдерде Азопт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ, соның салдарынан препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Азопт препараты бауыр функциясы бұзылған пациенттердің арасында зерттелген жоқ, сондықтан пациенттердің осы тобында қолдану үшін ұсынылмайды. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде Азопт препаратын қолдануға зерттеу жүргізілген жоқ. Бринзоламид және оның негізгі метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, Азопт препаратын мұндай пациенттерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Тек офтальмологияда қолдануға арналған. Азопт препаратын тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы окклюзиясын жүргізу немесе қабақтарды абайлап жабу ұсынылады. Бұл көзге енгізілетін дәрілік препараттың жүйелі түрде сіңірілуін төмендетуі және сол арқылы жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуын азайтуы мүмкін. Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Қақпақты шешкеннен кейін, егер алғаш рет ашуды бақылауға арналған бекіткіш сақина босаған болса, препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз. Құтының және суспензияның тамшылатқыш ұшының ластанбауы үшін тамшылатқыштың ұшын қабаққа, оның айналасындағы тіндерге немесе басқа қабаттарға тигізбеңіз. Қолданғаннан кейін құтыны мықтап жабыңыз. Глаукомаға қарсы басқа офтальмологиялық препаратты Азопт препаратымен ауыстырған кезде, осы препаратты қабылдауды тоқтатып, келесі күні Азопт препаратын қабылдауды бастаңыз. Егер жергілікті қолдану үшін біреуден артық офтальмологиялық дәрілік препарат пайдаланылса, оларды қолданудың арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау керек. Көзге арналған жақпамайды соңынан қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.