АЗО 500 мг №3 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2920 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Tulip Lab Private Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 534,0 мг азитромицин дигидраты (500 мг азитромицинге баламалы) қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), поливинилпирролидон (K-30), изопропил спирті**, кроссповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты Қабығы: гидроксипропиметиллцеллюлоза (Е-5), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк, полиэтиленгликоль, (ПЭГ-6000), изопропил спирті**, метиленхлорид** ** - ақырғы өнімде жоқ, құрғату кезінде буланады
Қолданылуы
АЗО 500 ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 45 кг-ден асатын) балаларда азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған төмендегідей инфекцияларды емдеу үшін қолдану көрсетілген: - синуситті, фарингитті, тонзиллитті қоса, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары - бронхитті және пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары - жедел ортаңғы отит - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары - Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae туындатқан асқынбаған генитальді инфекциялар (мультирезистентті емес штаммдар) Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарға назар аударған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, макролидтер/кетолидтер тобына және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылулары
Дозасы
Дозалану режимі Азитромицин басқа антибиотиктерден тіндерге жоғары тектестігімен ерекшеленеді. Тіндердегі концентрациялары сарысудағы деңгейінен 50 есеге дейін артық, ал тіндерде жартылай ыдырау кезеңі 2-ден 4 күнге дейін құрайды. Осы себептерден АЗО 500 үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларының дозалану режимінде микробқа қарсы басқа заттармен салыстырғанда айырмашылық бар. Ересектер, егде жастағы пациенттер және дене салмағы 45 кг-ден асатын балалар Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекцияларын, жедел ортаңғы отитті, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын емдеу үшін: Жалпы дозасы 1500 мг азитромицинді құрайды, оны 3 күндік немесе 5 күндік режим бойынша қабылдауға болады. 3 күндік ем режимі 500 мг азитромицинді (АЗО 500 1 таблеткасы) 3 күн бойы күніне бір рет қабылдайды. 5 күндік ем режимі Балама ретінде азитромицинмен 5 күндік ем жүргізуге болады, 1-ші күні 500 мг азитромицинді (АЗО 500 1 таблеткасы) және келесі 4 күннің әрқайсысында 250 мг-ден азитромицинді (АЗО 500 ½ таблеткасы) күн сайын қабылдау керек. Азитромициннің пневмонияны емдеудегі тиімділігі 5 күндік режимді пайдаланумен құжат түрінде расталған. Көптеген жағдайларда үш күндік ем жеткілікті болады. Жыныс ағзаларының асқынбаған инфекцияларын емдеу үшін: - Chlamydia trachomatis: жалпы доза 1000 мг азитромицинді құрайды, оны бірден қабылдау керек. - сезімтал Neisseria gonorrhoeae: ұсынылатын доза емдеудің жергілікті клиникалық нұсқауларына сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін емдеуші дәрігерлер емдеу жөніндегі жергілікті ұсынымдармен танысуға тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі (дене салмағы 45 кг-ден аз) балаларда АЗО 500 қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер ересектер үшін ұсынылған дозаны алады. Егде жастағы пациенттер жүрек аритмияларына бейім болуы мүмкін, сондықтан жүрек аритмиясының және пируэттік тахикардияның даму қаупіне орай ерекше сақтық таныту керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет етілмейді. Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, азитромицинді бауырдың күрделі аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Пациенттердің бұл санаттарында азитромицинді қолдану жөнінде зерттеулер жүргізілмеген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерде (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны түзету қажет етілмейді. Азитромицинді бүйректің ауыр бұзылулары бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек. Енгізу әдісі және жолы АЗО 500 үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, тұтастай жұту керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі АЗО 500 таблеткаларын бір реттік тәуліктік доза түрінде тағайындау керек. Басқа да көптеген антибиотиктер сияқты, АЗО 500 таблеткаларын тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан соң қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы 5 күндік режимді пайдаланғанда азитромициннің пневмонияны емдеудегі тиімділігі құжат жүзінде расталған. Көптеген жағдайларда үш күндік ем жеткілікті болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.