+234 бонус

АЗМАК 1000 мг №10 таб

4690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Дева Холдинг А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) 875 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) 125 мг. қосымша заттар: А типті натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (Vivapur 112), гидратталған коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. қабығының құрамы: Opadry O4-F-28791 White® (гипромеллоза, титанның қостотығы, полиэтиленгликоль (макрогол)).
Қолданылуы
жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда) жедел ортаңғы отит созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда) ауруханадан тыс пневмония цистит пиелонефрит тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы - целлюлит, жануарлардың шағуы, жедел абсцесс және жақ-бет аумағының флегмоналары) сүйектер мен буындардың инфекциясы (атап айтқанда, остеомиелит)
Қарсы көрсетілімдер
- пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық - амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
Дозасы
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза амоксициллин мен клавулан қышқылының құрамына қатысты біріктірілімде көрсетіледі. Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Азмак препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет: Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы Ауырлығы мен жұқтыру орны Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы. Азмак препараты шығарылуының альтернативті түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек. Салмағы>40 кг ересектер мен балалар үшін Азмак препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі күніне екі рет қабылдаған кезде 1750 мг амоксициллин/250 мг клавулан қышқылының және төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындаған кезде 2625 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-нан аз балалар үшін Азмак препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің неғұрлым жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының артық жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Азмак препаратын таңдау ұсынылады. Ересектер мен балалар > 40 кг, ұсынылатын дозалар: стандартты доза (барлық көрсеткіштер кезінде) 1 таблетка 1000мг (875мг/125мг) тәулігіне 2 рет Жоғары доза (отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, несеп-жыныс жолдарының инфекциясы сияқты ауыр инфекцияларда) 1 таблетка 1000мг (875мг/125мг) тәулігіне 3 рет Пациенттердің ерекше топтары Балалар ​˂40 кг: 12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-нан кем балаларды 500 мг/125 мг дозада таблетка түрінде, суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік түрлерімен емдеген жөн. Таблеткаларды бөлуге болмайтындықтан, дене салмағы 40 кг-нан аз балаларға 1000мг (875мг/125мг) дозада таблеткаларды тағайындауға болмайды. Азмак препаратының 7:1 құрамы үшін жасы 2 айлықтан кіші пациенттерге арналған ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша ұсынымдар жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 болатын Азмак препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай ұсынымдар жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Азмак препараты пероральді қолдануға арналған. Азмак препаратын асқазан-ішекке потенциалды жақпаушылығын азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды бүтіндей жұтып, сумен ішіп, шайнауға, ұнтақтауға немесе таблетканы бөліктерге бөлуге болмайды. Тұншығу қаупін азайту үшін балаларға қабылдауда бір таблеткадан артық ішуге болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс. Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзақтау курсты қажет етуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.