+39 бонус

АЗИТРОМИЦИН АВЕКСИМА 250 мг №6 капс

780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ОАО «Ирбитский химфармзавод»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин дигидраты 131 мг (азитромицинге шаққанда -125 мг); қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, микрокристалды целлюлоза, гипролоза, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк; үлбірлі қабық: VIVACOAT®, РА-1Р-000 типі (полидекстроза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 3350, гипромеллоза 6). Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин дигидраты 262 мг (азитромицинге шаққанда – 250 мг); қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, микрокристалды целлюлоза, гипролоза, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк; үлбірлі қабық: VIVACOAT®, РА-1Р-000 типі (полидекстроза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 3350, гипромеллоза 6). Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин дигидраты 524 мг (азитромицинге шаққанда -500 мг); қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, микрокристалды целлюлоза, гипролоза, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк; үлбірлі қабық: VIVACOAT®, РА-1Р-000 типі (полидекстроза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 3350, гипромеллоза 6).
Қолданылуы
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: жоғарғы тыныс алу жолдарының және ЛОР-ағзаларының инфекциялары (фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отит); төменгі тыныс жолдарының инфекциялары: жедел бронхит, созылмалы бронхиттің өршуі, пневмония, соның ішінде атиптік қоздырғыштар тудырған; тері және жұмсақ тіндер инфекциясы (ауырлығы орташа дәрежедегі акне вульгарис, тілме, импетиго, қайта жұқтырылған дерматоздар); Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae тудырған асқынбаған генитальді инфекциялар (мультирезистентті емес штаммдар) Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
азитромицинге, эритромицинге, макролидтер/кетолидтер тобына және кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; бауыр функциясының ауыр бұзылулары; дене салмағы 45 кг-нан кем 12 жасқа дейінгі балалар (250 және 500 мг таблеткалар үшін); 6 жасқа дейінгі балалар (125 мг таблеткалар үшін);
Дозасы
Азитромицин басқа антибиотиктерден тіндерге жоғары жақындығымен ерекшеленеді. Тіндердегі концентрация сарысудағы деңгейден 50 есе асады, ал тіндердегі жартылай шығарылу кезеңі 2-ден 4 күнге дейін. Осы себептерге байланысты таблеткаларды басқа микробқа қарсы заттармен салыстырғанда дозалау режимінде айырмашылық бар. Ересектер, егде жастағы пациенттер және дене салмағы 45 кг-дан асатын балалар Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, ЛОР-ағзалар, терінің және жұмсақ тіндердің инфекцияларында: 3 күн ішінде тәулігіне 1 рет 500 мг-ден (курстық доза 1,5 г). 1500 мг жалпы курстық дозаны 5 күн ішінде қабылдауға болады – бірінші күні бір доза түрінде 500 мг, содан кейін 2-ден 5-ші күнге дейін тәулігіне бір рет 250 мг-ден. Ауырлық дәрежесі орташа акне вульгарис кезінде: 3 күн ішінде тәулігіне 1 рет 500 мг, содан кейін 9 апта ішінде аптасына 1 рет 500 мг (курстық доза 6 г). 500 мг бірінші апталық дозаны 500 мг бірінші күнделікті дозаны қабылдағаннан кейін 7 күн өткен соң қолдану керек (емдеу басталғаннан бастап 8-ші күні), келесі 500 мг апта сайынғы 8 дозаны – 7 күн аралықпен қабылдау керек. Chlamydia trachomatis тудырған жыныс мүшелерінің инфекцияларында: 1 г-ға тең бір реттік доза тағайындалады. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae кезінде: ұсынылатын доза ем бойынша жергілікті клиникалық нұсқауларға сәйкес 250 немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиясы бар пациенттер үшін препаратты тағайындайтын адамдар жергілікті емдеу нұсқауларымен танысуы керек. Балалар мен дене салмағы 45 кг-нан аз жасөспірімдер: Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, ЛОР-ағзалар, терінің және жұмсақ тіндердің инфекцияларында: ұсынылатын доза 3 күн ішінде тәулігіне 1 рет дене салмағының 10 мг/кг негізінде есептеледі (ең жоғары тәуліктік доза 30 мг/кг құрайды). Дозалауға ыңғайлы болу үшін 1-кестені пайдалану ұсынылады. 1-кесте. Дене салмағы 45 кг-нан аз балаларға арналған азитромицин препаратының дозасын есептеу

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.