+54 бонус

АЗИТРОМИЦИН 500 мг №3 таб Борисовский

1080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Борисовский завод медицинских препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин 500 мг; қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, гипромеллоза, жүгері крахмалы, крахмал 1500, ішінара желатинделген жүгері крахмалы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза; қабықтың құрамы: Опадрай II (құрамында: поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль 3350), лецитин (соялық), көгілдір түсті бояу пигменті (құрамында: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), индигокармин негізіндегі алюминий лагы (Е132)).
Қолданылуы
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі жұқпалы ауруларда: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ережелерді назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
азитромицинге, эритромицинге, макролидті антибиотиктерге, кетолидті антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары;
Дозасы
Азитромицин препаратын бір реттік тәуліктік доза ретінде қолдану керек. Әртүрлі инфекциялық ауруларды емдеу ұзақтығы төменде келтірілген. Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектер Жалпы курстық дозасы 1500 мг, тәуліктік дозасы - 3 күн бойы күніне бір рет 500 мг. Chlamydia trachomatis туындаған асқынбаған жыныстық жолмен берілетін ауруларды емдеуде 1000 мг-ға тең бір реттік доза тағайындалады. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу бойынша жергілікті ұсынымдарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімдегі 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін дәрілік препаратты тағайындайтын дәрігерлер емдеу бойынша жергілікті ұсынымдарға жүгінуі керек. Енгізу әдісі мен жолы Азитромицин препаратын тамақтануға қарамастан, тәулігіне 1 рет ішке, стақан сумен ішіп қабылдау керек. Таблеткадағы сызық теңдей екі дозаға бөлуге арналмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.