АЗИТРОМИЦИН 250 мг №6 капс

1100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – 250 мг азитромицин; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций стеараты, лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты; капсула құрамы: желатин, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған немесе туындауы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - бронхит; - ауруханадан тыс пневмония; - синусит; - фарингит/тонзиллит; - ортаңғы отит; - тері және жұмсақ тіндер инфекциялары; - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, макролидті антибиотиктерге, кетолидті антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бауыр функциясының ауыр бұзылуларында;
Дозасы
Дене салмағы >45 кг балалар мен ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн ішінде қабылдау керек (тәулігіне бір рет 500 мг). Chlamydia trachomatis тудыратын несеп-жыныс жолдарының асқынбаған инфекцияларында доза бір рет пероральді 1000 мг құрайды. Neisseria gonorrhoeae сезімталдар үшін ұсынылатын доза жергілікті клиникалық емдеу ұсынымдарына сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиясы бар пациенттер үшін емдеуші дәрігер емдеудің жергілікті ұсыныстарымен танысуы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Мұндай пациенттерді азитромицинмен емдеуге зерттеулер жүргізілген жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Ішке, тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан кейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.