АЗИТРОМЕД 0,25 N10 КАПС

2200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Protech Biopharma Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 262,50 мг азитромицин дигидраты, 250,0 мг азитромицинге баламалы, қосымша заттар: жүгері крахмалы, магний стеараты, желатин, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары: -жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары (синусит, фарингит, тонзиллит, ортаңғы отит) - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит және ауруханадан тыс пневмония) -фолликулит, флегмона, тілме сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (урогенитальді хламидиозды, асқынбаған уретрит пен цервицитті қоса, мысалы, Chlamydia trachomatis тудырған).
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, басқа да макролидтерге немесе кетолидтерге, немесе препаратты басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі - бауыр және бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары
Дозасы
Ересектер, дене салмағы 45 кг асатын балалар мен жасөспірімдер: Тәулігіне 500 мг-ден 3 күн бойы тағайындайды (курстық доза – 1,5 г). Chlamydia trachomatis туындатқан асқынбаған уретрит және цервицитте бір рет 1 г (500 мг 2 капсула) тағайындайды. Neisseria gonorrhoeae-ге сезімталдар үшін ұсынылған доза клиникалық емдеу жөніндегі жергілікті ұсыныстарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және (немесе) цефалоспориндерге аллергиясы бар пациенттер үшін препараттарды тағайындау алдында емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Пациенттердің ерекше топтары Дене салмағы 45 кг аспайтын балалар мен жасөспірімдерге: Азитромед (азитромицин) капсула түріндегі препараты дене салмағы 45 кг аспайтын пациенттерге жарамайды. Пациенттердің бұл тобы үшін басқа дәрілік түрлер әзірленген. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге препаратты ересектерге арналған дозаларда қолданады, аритмия және жүректің жыпылықтау/дірілдеуінің даму қаупіне байланысты ерекше сақ болу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ 10-80 мл / мин) дозаны түзету қажет етілмейді. Азитромицинді ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге енгізгенде сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа айқын бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ішке, шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдайды. Азитромед тамақтануға дейін бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.