+65 бонус

АЗИТРО 500 мг №3 таб

1300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин дигидраты 524.0 мг (азитромицинге шаққанда) 500.0 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, вазелин майы.
Қолданылуы
Азитро® азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан кезінде ересектерде, егде жастағы адамдарда және балаларда қолдануға көрсетілген: ‒ жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отит, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония ‒ тері және теріасты шелінің инфекциялары: кәдімгі безеулердің орташа ауыр түрі, көшпелі эритема (Лайм ауруының алғашқы сатысы), тілмелік қабыну, импетиго және пиодермия жыныстық жолмен берілетін аурулар: Chlamydia trachomatis туындататын асқынбаған уретрит/цервицит Helicobacter pylori туындататын асқазан мен он екі елі ішектің инфекциялары Chlamydia trachomatis туындататын созылмалы простатит кезінде Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат азитромицинге, эритромицинге және макролидтер/кетолидтер тобына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық алкалоидтармен (дигидроэрготамин, эрготамин) бірге қабылдау бауыр функциясының ауыр бұзылуы бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
Дозасы
Дене салмағы >45 кг балалар мен ересектер, соның ішінде егде жастағы адамдар: Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритемадан басқа) емдеу кезінде тәуліктік доза 3 күн ішінде (жалпы дозасы 1500 мг) бір қабылдағанда тәулігіне 500 мг құрайды. Орташа ауыр түрдегі кәдімгі безеуді емдеу кезінде жалпы 6 г дозаны келесідей тағайындау ұсынылады: 3 күн ішінде күніне бір рет 500 мг, содан кейін келесі 9 апта бойы аптасына бір рет 500 мг-ден емдеуді жалғастыру керек. Емдеудің екінші аптасында дозаны бірінші таблетканы қабылдағаннан кейін бір аптадан соң қабылдау керек, ал келесі 8 дозаны 7 күн аралықпен қабылдау керек. Көшпелі эритеманы емдеу кезінде азитромициннің жалпы дозасы 3 г құрайды, оны келесі қағидат бойынша тағайындау керек: бірінші күні 1 г (бір рет 500 мг-ден 2 таблетка) және екіншіден бесінші күнге дейін тәулігіне 1 рет 500 мг. Жыныс мүшелерінің Chlamydia trachomatis туындаған асқынбаған инфекцияларында, тәулігіне бір рет 1000 мг тағайындайды. H. pylori туындатқан асқазан мен он екі елі ішектің инфекциясын емдеу кезінде доза тәулігіне 1000 мг құрайды, антисекреторлық препаратпен және дәрігердің тағайындауы бойынша басқа препараттармен бірге. Chlamydia trachomatis туындатқан созылмалы простатитті емдеу кезінде азитромициннің жалпы дозасы 4,5 г құрайды, оны 3 күн қатарынан күніне бір рет 500 мг-ден тағайындау керек, оны 3 апта қатарынан қайталау керек (аптасына 1,5 г, яғни 3 апта ішінде 4,5 г жалпы доза). Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) бар пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек . Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды, бұл пациенттерде азитромицинмен емдеу зерттелмеген. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек аритмияларының және екі бағытты тахикардияның даму қаупіне байланысты ерекше сақ болу ұсынылады. Балалар Таблеткадағы Азитро® препараты дене салмағы 45 кг-нан кем пациенттерге арналмаған. Енгізу әдісі және жолы Азитро® препаратын тамақтанудан бір сағат бұрын немесе тамақтанудан 2 сағаттан кейін қабылдау керек. Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды. Таблеткаларды тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.