+101 бонус

АЗИТРО 250 мг №6 капс

2030 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуласының құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты 262.0 мг (азитромицинге шаққанда) 250.0 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, полисорбат-80, кальций стеараты желатиндi капсулалардың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Азитро® ересектерде, егде жастағы адамдарда және балаларда азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан: ‒ жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: фарингит/ тонзиллит, синусит, ортаңғы отит төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхит пен ауруханадан тыс пневмонияның өршуі терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары: көшпелі эритема (Лайм ауруының алғашқы сатысы), тілмелі қабыну, импетиго және салдарлы пиодермия Chlamydia trachomatis туындататын асқынбаған жыныстық мүшелер инфекциялары Helicobacter pylori туындататын асқазан мен он екі елі ішектің инфекциялары кезінде қолданылады Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат азитромицинге, эритромицинге және макролидтер/ кетолидтер тобына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық алкалоидтармен (дигидроэрготамин, эрготамин) бірге қабылдау бауыр функциясының ауыр бұзылуы бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
Дозасы
Дозалану режимі Дене салмағы >45 кг балалар мен ересектерге, егде жастағы пациенттерді қоса: Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритемадан басқа) емдеу кезінде тәуліктік доза 3 күн ішінде бір қабылдауға тәулігіне 500 мг құрайды (жалпы дозасы 1500 мг). Көшпелі эритеманы емдеу кезінде азитромициннің жалпы дозасы 3000 мг құрайды, оны былай тағайындау керек: бірінші күні 1000 мг (4 капсула) және екіншіден бесінші күнге дейін күніне бір рет 500 мг (екі капсула). Жыныстық мүшелердің Chlamydia trachomatis туындатқан асқынбаған инфекцияларында тәулігіне бір рет 1000 мг тағайындайды (4 капсула). H. pylori туындатқан асқазан мен он екі елі ішектің инфекцияларын емдеу кезінде доза антисекреторлық және емдеуші дәрігер ұсынған басқа препараттармен бірге тәулігіне 1000 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі (шумақшалық сүзілу жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақшалық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <10 мл / мин) пациенттерге азитромицинді тағайындағанда сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды. Азитромицинді мұндай пациенттерде қолдануды зерттеулер жүргізілмеген. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек аритмияларының және «пируэт» типті екі бағытты тахикардияның даму қаупіне байланысты ерекше сақ болу ұсынылады. Балалар Капсулалардағы Азитро® препараты дене салмағы 45 кг-ден кем пациенттерге арналмаған. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды. Капсулаларды тұтастай жұту керек. Азитро® препаратын тамақтанудан кемінде 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан 2 сағаттан кейін қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.