АЗИРАГ 500 мг №3 таб

1065 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Biodeal Pharmaceuticals Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты 525 мг (500 мг азитромицинге баламалы), Қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты дигидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су. Үлбірлі қабық: Tabcoat ақ ТС1000, темірдің сары тотығы (Е172), изопропил спирті, метиленхлорид.
Қолданылуы
Азираг анықталған не бір немесе бірнеше сезімтал микроорганизмдерден туындауы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - синуситті, фарингитті, тонзиллитті қоса, жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында - бронхит пен пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында - жедел ортаңғы отит - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциясы - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудырған асқынбаған жыныстық инфекциялар Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Азитромицин басқа антибиотиктерден тіндерге жоғары жақындығымен ерекшеленеді. Тіндердегі концентрация сарысудағы деңгейден 50 есе асады, ал тіндердегі жартылай шығарылу кезеңі 2-ден 4 күнге дейін. Осы себептерге байланысты Азира г препаратын басқа микробқа қарсы заттармен салыстырғанда мөлшерлеу режимінде айырмашылық бар. Дозасы Ересектерге, оның ішінде егде жастағы пациенттерге және дене салмағы 45 кг-дан асатын балаларға Емдеуге арналған препараттың дозасы: жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары жедел ортаңғы отит тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы Жалпы доза 1.5 г азитромицинді құрайды, оны терапияның үш күндік режиміне сәйкес немесе терапияның бес күндік режиміне сәйкес қабылдауға болады. Үш күндік терапия режимі 3 күн ішінде күніне бір рет 500 мг азитромицин қабылдайды (Азираг препаратының үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблеткасы). Бес күндік терапия режимі Балама ретінде бес күндік емді келесі 4 күн ішінде 1-күні азитромицин 500 мг (Азираг препаратының үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблеткасы) және 250 мг азитромицин (Азираг препаратының үлбірлі қабықпен қапталған ½ таблеткасы) қабылдай отырып жүргізуге болады. Пневмонияны бес күндік режимді қолдану арқылы емдеудегі азитромициннің тиімділігі құжатпен расталған. Көп жағдайда терапияның үш күндік режимі жеткілікті. Препараттың асқынбаған жыныстық инфекцияларды емдеуге арналған дозасы: Chlamydia trachomatis тудырған: жалпы доза бір рет қабылданған 1000 мг азитромицинді құрайды. Neisseria gonorrhoeae сезімтал бактериядан туындаған: ұсынылатын доза жергілікті клиникалық емдеу ұсынымдарына сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиясы бар пациенттерді емдеу кезінде дәрігер жергілікті емдеу нұсқаулықтарына жүгінуі керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препарат ересектердегідей дозада қолданылады. Егде жастағы пациенттер проаритмиялық жағдайы бар пациенттер болуы мүмкін болғандықтан, жүрек аритмиясының және екі бағытты қарыншалық тахикардияның даму қаупіне қатысты ерекше сақ болу ұсынылады. Балалар мен жасөспірімдер Азираг препараты дене салмағы 45 кг-дан кем пациенттерге арналмаған. Пациенттердің осы тобы үшін басқа дәрілік формалар әзірленді. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер ШСЖ 10 мл/мин-ден 80 мл / мин-ге дейінгі пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы Азираг препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен іше отырып, тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.