+97 бонус

АЗИМАК 250 мг №6 капс

1950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Грузия
  • Өндіруші: Джи Эм Фармасютикалс Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты (азитромицинге баламалы) 250 мг, қосымша заттар: магний стеараты, желатинделген крахмал, капсуланың корпусы мен қақпағының құрамы: хлорофиллинді мыстар кешені, титанның қостотығы Е171, желатин. Бір капсуланың құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты (азитромицинге баламалы) 500 мг, қосымша зат: магний стеараты, капсуланың корпусы мен қақпағының құрамы: хлорофиллинді мыстар кешені, титанның қостотығы Е171, желатин.
Қолданылуы
Азимакты азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін тағайындайды: фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы; созылмалы бронхиттің жедел өршуі, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы; тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы; Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолданудың ресми ережелерін ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидті және кетолидті антибиотиктерге немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; лактация кезеңі; фруктоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын аурулары, глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі.
Дозасы
Азимакты бір реттік тәуліктік доза түрінде қолдану керек. Әр түрлі инфекциялық ауруларды емдеу ұзақтығы төменде көрсетілген. Дене салмағы 45 кг және одан жоғары ересектер, балалар мен жасөспірімдер Жалпы курстық доза 1500 мг, тәуліктік 3 күн бойы күніне бір рет 500 мг құрайды. 1500 мг жалпы курстық дозаны 5 күн ішінде қабылдауға жол беріледі – бірінші күні бір реттік доза түрінде 500 мг, содан кейін - тәулігіне бір рет 250 мг-ден 5 күнге дейін. Chlamydia trachomatis туындататын жыныстық жолмен берілетін асқынбаған ауруларды емдеу кезінде 1 г-ге тең бір реттік доза тағайындалады. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу жөніндегі жергілікті нұсқауларға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін дәрілік затты тағайындайтын адамдар емдеу жөніндегі жергілікті нұсқауларға жүгінуі тиіс. Көшпелі эритеманы емдеу кезінде азитромициннің жалпы курстық дозасы 3 г құрайды. Емдеу сызбасы бұл ретте келесідей: 1 күн - 1 г, 2 күннен бастап - күніне 500 мг-ден 5 күнге дейін. Дене салмағы 45 кг-ден кем балалар мен жасөспірімдер Ұсынылатын доза 3 күн бойы бір реттік доза түрінде тәулігіне 10 мг/кг құрайды (ең жоғары тәуліктік доза 30 мг/кг құрайды). Жалпы курстық дозаны 5 күнге бөлуге жол беріледі; бұл ретте бірінші күні препарат 10 мг/кг дозада, ал келесі төрт күнде – тәулігіне 5 мг/кг дозада қолданылады. Балалардағы жалпы курстық дозаның ең көп мөлшері 1500 мг құрайды. Белгілі бір дене салмағы бар балаларда дұрыс дозаны қамтамасыз ету үшін препараттың басқа дәрілік түрлері қолайлы. Егде жастағы адамдар Егде жастағы адамдарда ересектердегідей доза қолданылады. Егде жастағы пациенттер арасында жүрек аритмиясына бейімділік жиі байқалатындықтан, жүрек аритмиясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардия қаупін ескере отырып, ерекше сақ болу керек. Бүйрек функциясының бұзылуы Жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (ШСЖ <10 мл/мин) пациенттерге азитромицинді тағайындау кезінде сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылулары бар пациенттерде (Чайлд–Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) дозаны түзету талап етілмейді. Азитромицин бауырда метаболизденіп, өтпен шығарылатындықтан, бауырдың күрделі аурулары бар пациенттерде азитромицинді сақтықпен қолдану керек. Пациенттердің осы санаттарында азитромицинді қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Азимак тек ішу арқылы қабылдауға арналған. Азимакты міндетті түрде тамаққа ішкенге дейін бір сағат бұрын немесе тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін қабылдау керек. Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды. Препаратпен емделу кезінде спирт ішімдіктерін ішуден тартына тұру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.