+114 бонус

АЗИЦИН 500 мг № 3таб

2290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Adamed Pharma S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 262 мг және 524 мг азитромицин дигидраты (250 мг және 500 мг азитромицинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101), микрокристалды целлюлоза (102), повидон (90), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. қабық құрамы: макрогол (8000), гидроксипропилцеллюлоза, гипромеллоза (Е 5), гипромеллоза (Е 15), Opaspray K-1R-4210, индиготин (Е 132).
Қолданылуы
- Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары: бактериялық фарингит, тонзиллит, синусит - Ортаңғы құлақтың жедел отиті - Төменгі тыныс жолдарының инфекциялары: жедел бронхит, созылмалы бронхиттің өршуі, ауырлығы жеңілден орташаға дейінгі, оның ішінде интерстициальді пневмония. - Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары: тілме, импетиго және салдарлы пиодермия; көшпелі эритема – Erythema migrans (Лайм ауруының бірінші симптомы). - Венерологиялық аурулар: Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған инфекциялар.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге немесе басқа макролидтік антибиотиктерге немесе кетолидтерге немесе қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (индиготин Е132 бояғышының болуына байланысты) - лактация кезеңі
Дозасы
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Ересектер Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, ортаңғы құлақ отиті, терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (көшпелі эритемадан басқа). Азитромициннің жиынтық дозасы 3 күн бойы 1,5 г (тәулігіне бір реттік дозада 500 мг) құрайды. Көшпелі эритема. Жиынтық дозасы 3 г құрайды және келесі сызба бойынша қабылданады: бірінші күні 1 г, одан кейін жекелеген тәуліктік дозаларда екінші күннен бесінші күнге дейін 500 мг (2 капсула). Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған инфекциялар 1000 мг бір реттік доза түрінде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.