+115 бонус

АЗИБИОТ 500 мг №3 таб

2315 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 524,00 мг азитромицин дигидраты (500 мг сусыз азитромицинге баламалы), қосымша заттар: желатинделген крахмал, кросповидон, кальций гидрофосфаты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, үлбірлі қабығы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), лактоза моногидраты, триацетин
Қолданылуы
Азитромицин бір немесе бірнеше сезімтал микроорганизмнен туындағаны анықталған немесе туындаған болуы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: бронхитте ауруханадан тыс пневмонияда синуситте фарингитте/тонзиллитте ортаңғы отитте тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларындаи, мысалы, көшпелі эритемада, фолликулитте, целлюлитте, тілмелі қабынуда Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae-ден туындаған, гениталийдің асқынбаған инфекцияларында. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, немесе кез келген басқа макролидтік немесе кетолидтік антибиотиктерге, эритромицинге, немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге және дене салмағы 45 кг асатын балаларға Азибиот® таблеткаларын күніне бір рет қабылдайды. Дене салмағы 45 кг асатын балаларға және егде жастағы пациенттерді қоса ересектерге Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн ішінде (күніне бір рет 500 мг дозада) қабылдау керек. Chlamydia trachomatis-тен туындаған, асқынбаған жыныстық инфекциялар кезінде дозасы бір реттік пероральді доза түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae бактериясы үшін ұсынылатын доза, жергілікті клиникалық емдеу ұсынымдарына сәйкес 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттерді емдегенде, дәрігер емдеу жөніндегі ұлттық нұсқауларға жүгіну керек. Көшпелі эритема: бірінші күні 1 г, содан соң келесі 4 күн бойы күніне 500 мг. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Азибиот®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары дене салмағы 45 кг аз балалар үшін ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге қолданбау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Азитромицинді бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <10 мл / мин) пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.