+475 бонус

АЗЕЛИК 15% 15 г гель

9500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Акрихин ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 100 г гельдің құрамында: белсенді зат - азелаин қышқылы(микрондалған азелаин қышқылы) 100 % затқа шаққанда – 15,00 г; қосымша заттар: бензой қышқылы, метилпирролидон, сквалан, пропиленгликоль, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, диметикон 100 cst, макрогол цетостеараты, карбомер интерполимер (А типі), тазартылған су.
Қолданылуы
- безеу ауруларын жергілікті емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді компоненттеріне немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - 12 жасқа дейінгі балаларға Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері және өзара әрекеттесулерінің басқа түрлері Өзара әрекеттесулерін тексеру бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Гель құрамы препарат қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін жеке-дара компоненттердің қандай да бір жағымсыз өзара әрекеттесулеріне ешбір сілтеме жасамайды. Бақыланатын клиникалық сынақтар кезінде ешбір спецификалық дәрілік өзара әрекеттесулері анықталмаған.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Гельді терінің зақымданған бөлігіне және тәулігіне 2 рет жеңіл ысқылап жағады (таңертең және кешке). Гельдің шамамен 2,5 см (шамамен 0,5 г) барлық бет аумағына жағу үшін жеткілікті мөлшер болып табылады. Дененің басқа аумақтарында (мысалы, кеудеде немесе арқада) безеу ауруы болғанда бет аумағы еміне қосымша жағылатын крем мөлшері қажетінше анықталуы тиіс. Терісі сезімтал пациенттерге гельді қолданудың алғашқы аптасында оны күніне бір рет (кешке) қолдану ұсынылуы тиіс және содан кейін екі рет жағуға ауысу керек. Гельді жағу алдында тері сумен мұқият тазаланып және кептірілуі тиіс. Жұмсақ тазартатын заттар пайдаланылуы мүмкін. Гель пайдалану ұзақтығы әркімде жеке және безеу ауруының ауырлығына байланысты болады. Әдетте жақсаруы емнің шамамен 4 аптасынан кейін басталады. Жақсырақ нәтиже алу үшін гельді бірнеше ай бойына үздіксіз пайдалану керек (Фармакодинамикасы бөлімін қараңыз). Емнің барлық кезеңі бойына гельді ұдайы пайдалануды жалғастыру маңызды. Алайда терінің айқын қатты тітіркенуі жағдайында тітіркену жойылғанға дейін (Жағымсыз әсерлері бөлімін қараңыз) бір қолдануға арналған гель мөлшері азайтылуы тиіс немесе пайдалану жиілігі күніне бір ретке дейін азайтылуы тиіс. Егер қажет болса ем бірнеше күнге уақытша тоқтатылуы мүмкін. Педиатриялық популяция Жасөспірімдерде қолдану (12 – 18 жастағыларда): 12 – 18 жастағы жасөспірімдерде гель қолданғанда доза түзету талап етілмейді. Гельді 12 жастан кіші балаларда қолданғанда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.