АЗАРГА 5 мл гл.капли

3660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат: 10 мг бринзоламид, 6,8 мг тимолол малеаты (5,0 мг тимололға баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, динатрий эдетаты, натрий хлориді, тилоксапол, маннитол, карбомер (974Р), натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы (рН-түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
көзішілік қысымды төмендету үшін монотерапия жеткіліксіз болған ересек пациенттерде ашық бұрышты глаукомада немесе көзішілік гипертензияда көзішілік жоғары қысымды төмендету үшін Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық басқа бета-адреноблокаторларға жоғары сезімталдық сульфонамидтерге жоғары сезімталдық бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін, өкпенің созылмалы ауыр обструкциялық ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігінің синдромы, синоаурикулярлық блокада, кардиостимулятормен бақыланбайтын екінші немесе үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада. Жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок аллергиялық риниттің ауыр түрі гиперхлоремиялық ацидоз бүйрек функциясының ауыр бұзылуы.
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерге пайдалану Доза зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальді қалтасына тамызылатын Азарга препаратының бір тамшысын құрайды. Препараттың жүйелік сіңуін азайту үшін оны тамызғаннан кейін мұрын-жас өзегінің саңылауы аймағын қысу немесе көзді жұму қажет. Бұл жүйелік жағымсыз әсерлердің төмендеуіне және белсенділігінің жергілікті деңгейде артуына әкелуі мүмкін. Глаукомаға қарсы офтальмологиялық басқа дәрілік препаратты Азарга препаратымен алмастырғанда басқа препаратты қолдануды тоқтату керек, ал Азарга препаратын қабылдауды келесі күннен бастау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Азарга препаратын қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде белгісіз. Деректер жоқ. Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде көзге тамызатын Азарга препаратын немесе 5 мг/мл тимололды қолдануға зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр функциясының бұзылулары немесе бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті болмайды. Азарга препараты бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелген жоқ. Бринзоламид және оның негізгі метаболиттері көбіне бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, Азарга препаратын бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Азарга препаратын бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Офтальмологияда қолдануға арналған. Пайдаланар алдында құтыны жақсылап сілкілеу қажет. Егер қалпақшасын алғаннан кейін алғаш ашылғанын бақылауға арналған бекіткіш сақинасы нашарласа, препаратты пайдаланар алдында оны жұлып алып тастау қажет. Құты тамшуырының және суспензияның ластануына жол бермеу үшін тамшуырдың ұшын қабаққа, айналасындағы тіндерге немесе басқа жерлерге тигізіп алмаңыз. Қолданудан кейін құтыны нығыздап жауып ұстаңыз. Егер жергілікті қолдану үшін офтальмологиялық бір дәрілік препараттан көбірек пайдаланылатын болса, оларды қолдану арасында кем дегенде 5 минуттық аралықты сақтау керек. Офтальмологиялық жақпамайларды соңынан қолдану керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қатысы жоқ Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді. Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар Байқамай жұтып қойған жағдайда бета-блокаторлардың жүйелік әсер етуінің нәтижесінде артық дозалану симптомдары брадикардияны, гипотензияны, жүрек функциясының жеткіліксіздігін және бронхтың түйілуін қамтуы мүмкін. Азарга препараты артық дозаланған жағдайда емдеу симптоматикалық және демеуші болуы тиіс. Бринзоламидке байланысты электролиттік дисбаланс, ацидоздық жағдайлар туындауы мүмкін және орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар болуы ықтимал. Сарысудағы электролиттер деңгейлерін (негізінен, калийдің) және қандағы рН деңгейін бақылау керек. Зерттеулер тимололдың нашар диализденетіндігін көрсетті. Дәрілік препаратты бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған жағдайдағы қажетті шаралар Дозаны өткізіп алған жағдайда емдеу келесі жоспарланған дозамен жалғастырылуы тиіс. Препарат дозасын арттырмау керек (зақымданған көзге тәулігіне екі рет бір тамшы). Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығына нұсқаулар Қатысы жоқ. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға бару ұсынылады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі дисгевзия1 жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі1 нүктелі кератит1, көрудің бұлыңғырлануы1, көздің ауыруы1, көздің тітіркенуі1 Жиі емес кератит1,2,3, көздің құрғауы1, нұрлы қабықтың витальді бояумен боялуы1, көзден былшықтың бөлінуі1, көздің қышуы1, көзде бөгде денені сезіну1, көз гиперемиясы1, конъюнктива гиперемиясы1 қанда лейкоциттер санының төмендеуі1 қан қысымының төмендеуі1 жөтел1 несепте қан іздері1 жалпы дімкәстік сезімі1,3 қанда калий деңгейінің жоғарылауы1, қанда лактатдегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы1 Сирек нұрлы қабықтың эрозиясы1, көздің алдыңғы камерасының жылтырауы1, көздің қарығуы1, жас ағудың ұлғаюы1, көздің ақ қабығының гиперемиясы1, қабақтың эритемасы1, қабақ жиегінде қабыршақтың түзілуі1 ұйқысыздық1 ауыз-жұтқыншақтың ауыруы1, ринорея1 Белгісіз көру жүйкесінің дискісіне экскавация диаметрлерінің арақатынасының жоғарылауы3, фильтрациялық операциядан кейін көздің қантамырлық қабығының қыртыстануы2, кератопатия3, нұрлы қабық эпителиінің ақауы3, көздің нұрлы қабығы эпителиінің зақымдануы3, көзішілік қысымның жоғарылауы3, көз қағы3, нұрлы қабықтың дағы3, нұрлы қабықтың ісінуі3, нұрлы қабық сезімталдығының төмендеуі2, конъюнктивит3, мейбомия бездерінің қабынуы3, диплопия2, 3, ақ дақтың түсуі3, фотопсия3, көру жітілігінің төмендеуі3, көрудің бұзылуы1, птеригиум3, көздің жайсыздануы3, құрғақ кератоконъюнктивит3, көз гипестезиясы3, ақ қабықтың пигментациясы3, субконъюнктивальді киста3, көрудің бұзылуы3, көздің ісінуі3, аллергиялық реакция 3, мадароз3, қабақтың зақымдануы3, қабақтың ісінуі1, птоз2 назофарингит3, фарингит3, синусит3, ринит3 қанда эритроциттер мөлшерінің төмендеуі3, қанда хлорид мөлшерінің жоғарылауы3 анафилаксия2, анафилаксиялық шок1, ангионевроздық ісінуді қоса, жүйелік аллергиялық реакциялар2, жергілікті және жайылған бөртпе2, аса жоғары сезімталдық1, есекжем2, қышыну2 гипогликемия2 елестеулер2, депрессия1, жадының жоғалуы2, апатия3, жабырқаңқы күй3, жыныстық құштарлықтың төмендеуі3, шым-шытырық қорқынышты жағдайлар2,3, күйгелектік3 церебральді ишемия2, ми қан айналымының жедел бұзылуы2, естен тану2, гравис миастения белгілері мен симптомдарының күшеюі2, ұйқышылдық3, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы3, амнезия3, жадының нашарлауы3, параэстезия3, тремор3, гипоэстезия3, агевзия3, бас айналу1, бас ауыру1 вертиго3, құлақтың шуылдауы3 жүрек қызметінің тоқтап қалуы2, жүрек функциясының жеткіліксіздігі2, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі2, атриовентрикулярлық блокада2, кардиореспираторлық дистресс3, стенокардия3, брадикардия2, 3, ЖЖЖ бұзылуы3, аритмия2,3, жүрек қағысы жиілігін сезіну2,3, тахикардия3, жүрек қағысының жиілеуі3, кеуденің ауыруы2, ісіну2 гипотония2, гипертония3, қан қысымының жоғарылауы1, Рейно феномені2, аяқ-қолдың салқындауы2 бронхтың түйілуі2 (көбінесе бұның алдында бронхтың түйілу синдромы бар болған пациенттерде), ентігу1, демікпе3, мұрыннан қан кету1, бронхтардың аса белсенділігі3, тамақтың тітіркенуі3, мұрынның бітелуі3, жоғары тыныс алу жолдарының бітелуі3, постназальді синдром3, түшкіру3, мұрынның құрғауы3 құсу2,3, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы1, іш тұсының ауыруы2, диарея1, ауыз ішінің құрғауы1, жүректің айнуы1, эзофагит3, диспепсия2,3, асқазан-ішек жайсыздығы3, асқазанның жайсыздығы3, ішек перистальтикасының артуы3, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу3, оральді гипестезия3, оральді парестезия3, метеоризм3 бауырдың функциональді көрсеткіштерінің ауытқулары3 Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/ уытты эпидермальды некролиз (УЭН), есекжем3, макулопапулезді бөртпе3, жайылған қышыну3, терінің қатаюы3, дерматит3, алопеция1, псориазиформалы бөртпе немесе псориаздың өршуі2, бөртпе1, эритема1 миалгия1, бұлшықет спазмдары3, артралгия3, арқаның ауыруы3, аяқ-қолдың ауыруы3 бүйректің ауыруы3, поллакиурия3 эректильді дисфункция3, жыныстық дисфункция2, либидоның нашарлауы2 кеуденің ауыруы1, ауыру3, шаршау1, астения2,3, кеуде қуысының аймағында жайсыздық3, үрейлену сезімі3, ашушаңдық3, шеткері ісіну3, препарат шөгіндісі3 1 – Азарга препаратын қолдану аясында байқалатын жағымсыз реакциялар 2 – тимололмен монотерапия аясында байқалатын жағымсыз реакциялар 3 – бринзоламидпен монотерапия аясында байқалатын жағымсыз реакциялар Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек (жағымсыз реакциялар жөніндегі деректердің ақпараттық базасын көрсету керек) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.