+199 бонус

Авипракс 200 мг №10

9:00-ден кейін қолжетімді
3980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефиксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - цефиксим тригидраты, 234.246 мг (цефиксимге баламалы 200.00 мг) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел-200), натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил-200), тальк, магний стеараты қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, Е-5 (НРМС-Е5), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 6000, тальк
Қолданылуы
АВИПРАКС 200 грамоң және грамтеріс организмдердің кең ауқымына қарсы айқын бактерицидті белсенділігі бар, пероральді белсенді цефалоспоринді антибиотик болып табылады. Сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған келесі жедел инфекцияларды емдеуге арналған: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (ЖТАЖИ): мысалы, ортаңғы құлақ отиті, басқа ЖТАЖИ, қоздырғыштың кең қолданылатын басқа антибиотиктерге төзімді екендігі белгілі болғанда немесе күдік туындағанда, немесе емнің тиімсіздігі айтарлықтай қауіп төндіретіндігі белгілі болған жағдайда - төменгі тыныс жолдарының инфекциялары: мысалы, бронхит. -несеп шығару жолдарының инфекциялары: мысалы, цистит, цистоуретрит, асқынбаған пиелонефрит. Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Escherichia coli, Proteus Mirabilis, Klebsiella species, Haemophilus influenzae (бета-лактамазалар бойынша – оң және теріс), Branhamella catarrhalis (бета-лактамазалар бойынша – оң және теріс) түрлері және Enterobacter түрлерін қоса, жиі кездесетін патогендерден туындаған инфекциялар кезінде клиникалық тұрғыдан тиімділігін көрсетті. АВИПРАКС 200 бета-лактамазалар ферменттерінің қатысуымен өте тұрақты. Энтерококктар штаммдарының көпшілігі (Streptococcus faecalis, D тобы Streptococci) және Staphylococci (соның ішінде коагулазаоң және теріс штаммдар және метициллинге төзімді штаммдар) АВИПРАКС 200-ге төзімді. Сонымен қатар, көптеген штаммдар Pseudomonas, Bacteriodes fragalis, Listeria monocytogenes және Clostridia АВИПРАКС 200-ге төзімді.
Қарсы көрсетілімдер
- цефалоспоринді антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдылық - жүктілік және бала емізу кезеңінде - 10 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 10 жастан асқан немесе дене массасы 50 кг-ден асатын балалар: Ересектер үшін ұсынылатын доза күніне 200-400 мг құрайды, инфекцияның ауырлығына байланысты, бір реттік доза түрінде немесе екі қабылдауға. Балалар АВИПРАКС 200 таблеткаларын 10 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. 6 айдан кіші балаларда цефиксимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге ересектерге арналған дозаны қабылдауға болады. Бүйрек функциясына тексеру жүргізу керек және бүйректің жедел жеткіліксіздігі болған жағдайда дозасын түзету қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер АВИПРАКС 200 бүйрек функциясының бұзылуында тағайындауға болады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин немесе одан жоғары пациенттерге әдеттегі доза мен қабылдау режимін тағайындаса болады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен пациенттерде тәулігіне бір рет 200 мг дозасынан асыру ұсынылмайды. Созылмалы амбулаторлы перитонеальді диализде немесе гемодиализде жүрген пациенттерге арналған доза мен қолдану режимі креатинин клиренсі 20 мл / мин төмен пациенттердің нұсқауларымен сәйкес болуы керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Емдеу ұзақтығы Әдеттегі емдеу курсы - 7 күн. Қажет болса, 14 күнге дейін созылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.