+154 бонус

АВИПРАКС 100 мг/5 мл 100 мл сусп

3090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефиксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл дайын суспензияның құрамында: белсенді зат - цефиксим тригидраты цефиксимге баламалы, 100 мг, қосымша заттар: сахароза, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил-200), натрий бензоаты, лимон хош иістендіргіші
Қолданылуы
АВИПРАКС сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеуге арналған: - созылмалы бронхиттің өршуі - ауруханадан тыс пневмония - төменгі несеп шығару жолдарының инфекциясы - пиелонефрит - ортаңғы құлақ отиті - синусит - фарингит Цефиксимді қоздырғышы кеңінен қолданылатын басқа антибиотиктерге төзімді болатын инфекциялық ауруларда (белгілі болғанда немесе күдік туындағанда), емі тиімсіз немесе айтарлықтай қауіп төндіретіндігі белгілі болған жағдайда қолдану қажет. Антибактериялық заттарды дұрыс қолдану туралы ресми нұсқаулықты қарастырған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 6 айға дейінгі балалар - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - құсу және диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары - лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Ұсынылатын доза инфекцияның ауырлығына байланысты күніне 200-400 мг құрайды, тәулігіне бір реттік доза немесе екі рет қабылдайтын доза түрінде. Балалар Балаларға ұсынылатын доза күніне 8 мг / кг, бір реттік доза немесе екі бөлінген доза түрінде енгізіледі. Балаларда тағайындау бойынша жалпы нұсқаулық ретінде балаларға арналған пероральді суспензия көлемі тұрғысынан келесі тәуліктік дозалар ұсынылады: 6 айдан бастап 1 жасқа дейін Күнделікті 3,75 мл Балалар 1-4 жас Күніне 5 мл Балалар 5-12 жас Күніне 10 мл 12 жастан асқан немесе салмағы 50 кг-нан асатын балалар ересектерге ұсынылған (инфекцияның ауырлығына байланысты күніне 200-400 мг) дозамен емделуі керек. 6 айдан кіші балаларда цефиксимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге ересектерге арналған доза тағайындалуы мүмкін. Бүйрек функциясына тексеру жүргізу керек және жедел бүйрек жеткіліксіздігі болған жағдайда дозасын түзету қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозалау Креатинин клиренсі 20 мл/мин немесе одан жоғары пациенттерге әдеттегі доза мен қабылдау режимін тағайындауға болады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин аз пациенттерге тәулігіне 200 мг-нан асырып қабылдау ұсынылмайды. Созылмалы амбулаторлы перитонеальді диализде немесе гемодиализдегі пациенттерге арналған дозасы мен режимі креатинин клиренсі 20 мл / мин-ден төмен пациенттер ұсынымдарымен сәйкес болуы керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолданылады. Авипракс препараты тамақтануға қарамастан қолданылады. Пероральді қолдану үшін суспензияны сұйылтуға арналған нұсқау Құтыны төңкеріп, ұнтақты шайқаңыз. Бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған суды бөтелкедегі белгіге дейін 2 бөліп қосыңыз және әр қосқаннан кейін біртекті суспензия пайда болғанша шайқаңыз. Осыдан кейін ұнтақтың толық еруін қамтамасыз ету үшін суспензияны 5 минутқа қалдыру керек. Қолданар алдында дайын суспензияны шайқау керек. Сұйылтылғаннан кейін суспензияны 7 күн бойы тоңазытқышта сақтауға болады. Контейнерді мықтап жабық ұстаңыз. Пайдаланылмаған бөлігін 7 күннен кейін тастаңыз. Суспензияны сүтте немесе шырында сұйылтуға болмайды! Емдеу ұзақтығы Әдеттегі ем қабылдау курсы – 7 күн. Қажеттілігіне қарай, ең көбі 10 күнге дейін созылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.