+203 бонус

АВИМЕНТИН 625 мг №20 таб

4060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Векста Лабораториес Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амоксициллин тригидраты (500 мг амоксициллинге баламалы), сұйылтылған калий клавуланаты 125 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: кросповидон, микрокристалды целлюлоза рН-112, кремнийдің қостотығы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-6), гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-15), этилцеллюлоза N-20-Cps, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), дибутилфталат
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - жедел ортаңғы отит - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония - цистит - пиелонефрит - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцестер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары, атап айтқанда, остеомиелит Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- амоксициллинге, клавулан қышқылына, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) шұғыл типті аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия) - осының алдындағы сарғаю көріністері немесе анамнездегі амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктірілімін қолдану кезіндегі бауыр функциясының бұзылуы; - дене салмағы 25 кг-ден аз балалар
Дозасы
Дозалар, препараттың жеке компонентінің бірліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшері бойынша өрнектелген. Инфекциялық ауруды емдеу үшін таңдалған дозада ескерілуі тиіс: - күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы - аурудың ауырлығы - пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы Баламалы дозаларды пайдалануды (мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын қамтамасыз ететіндері және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынастары) қажеттілігіне қарай қарастыру керек. Ересектер мен салмағы > 40 кг балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының жоғары тәуліктік дозаларын артық мөлшерде енгізіп қоймау үшін басқа Авиментин препаратын таңдау ұсынылады. Ересектер және > 40 кг балалар, ұсынылатын дозалар: стандартты доза (барлық көрсетілімдерде) 1 таблетка 500 мг/125 мг тәулігіне 3 рет Емдеу ұзақтығы Емдеу клиникалық оқиғаны қайта қараусыз 14 тәуліктен артық жалғастырылмауы тиіс. Ем ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емге реакциясына қарай белгіленуі тиіс. Кейбір патологияларға (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курс қажет болуы мүмкін. Дене салмағы 40 кг дейінгі балалар 3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 20 мг/5 мг/кг-ден тәулігіне 60 мг/15 мг/кг дейін. 6 жасқа дейінгі немесе салмағы 25 кг-ден аз балаларға Авиментин суспензиясын немесе балаларға арналған сашені тағайындаған дұрыс. 2 жасқа толмаған балаларда күніне 40 мг/10 мг/кг-ден асып кететін дозаларда 4:1 Авиментин препаратын қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. 12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік заттармен емдеген дұрыс. Таблеткаларды бөлуге болмайтындықтан, препаратты дене салмағы 25 кг-ден аз балаларға қолдану қарсы көрсетілімді. Кестеде 500 мг/125 мг таблеткаларды қолданғанда дене салмағы 25 кг-ден 40 кг дейінгі балаларда ұсынылған дозалар (мг/кг дене салмағы) берілген. Дене салмағы [кг] 40 35 30 25 Ұсынылатын бір реттік доза [мг/кг дене салмағы] (жоғарыдан қараңыз) Амоксициллин [мг/кг дене салмағы] бір реттік дозасына (1 үлбірлі қабықпен қапталған таблетка) 12,5 14,3 16,7 20,0 6,67 - 20 Клавулан қышқылы [мг/кг дене салмағы] бір реттік дозасына (1 үлбірлі қабықпен қапталған таблетка) 3.1 3,6 4,2 5,0 1,67 - 5 Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету қажет емес, ересек пациенттердегі сияқты дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дағдылы доза сақтықпен және бауыр функциясын жүйелі бақылаумен қолданылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын деңгейіне негізделген. Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл артық пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Ересектер және ≥ 40 кг балалар CrCl: 10-30 мл/мин 500 мг/125 мг күніне бір рет CrCl < 10 мл/мин 500 мг/125 мг күніне бір рет Гемодиализде жүрген пациенттер 500 мг/125 мг әр 24 сағат сайын, осыған қоса, 500 мг/125 мг диализ кезінде, оларды диализ соңында қайталау керек (амоксициллин мен клавулан қышқылының сарысулық концентрацияларының төмендеуіне қарай) Енгізу әдісі және жолы Авиментин препараты пероральді қолдануға арналған. Авиментин препаратын асқазан-ішекке ықтималды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай жұту керек, таблетканы шайнауға, ұсақтауға немесе жартылай бөлуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.