+162 бонус

АВИМЕНТИН 200 мг/28,5 мг порошок д/приг. сусп.

3250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: AVIMED REMEDIES LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы 5 мл суспензияның құрамында белсенді заттар: 241.038 мг және 482.08 мг амоксициллин тригидраты, 200 мг және 400 мг амоксициллинге баламалы; 74.671 мг және 149.35 мг сұйылтылған калий клавуланаты, 28.50 мг және 57.00 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, Trusil құлпынай хош иістендіргіші, аспартам, гидроксипропилметилцеллюлоза, кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, янтарь қышқылы.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолдануға көрсетілген - жедел бактериялық синусит - жедел ортаңғы отит - созылмалы бронхит өршуі - ауруханадан тыс пневмония - цистит - пиелонефрит - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы - целлюлит, жәндіктер шағуы, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары, атап айтқанда, остеомиелит Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықты қарау керек.
Қарсы көрсетілімдер
- амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) шұғыл типті (мысалы, анафилакциялық) белгілі аса жоғары сезімталдық - амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы - фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты) - 2 айлық жасқа дейінгі балалар Сақтықпен: бауыр функциясының бұзылулары.
Дозасы
Дозалар, препараттың жекелеген компонентінің бірліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшері бойынша өрнектелген. Инфекциялық ауруды емдеу үшін таңдалған дозада ескерілуі тиіс: - күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы - аурудың ауырлығы - пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы Баламалы дозаларын (мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететін) пайдалануды қажет деп қарастыру керек. Емдеу ұзақтығы пациент реакциясына қарай белгіленуі тиіс. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) емдеудің ұзағырақ кезеңдерін талап етеді. Емдеуді 14 күннен артық ұзартуға болмайды. Балалар 12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балалар Дозаны, жасына және салмағына қарай, тәулігіне мг/кг дене салмағына немесе дайын суспензияның миллилитрімен көрсетеді. Ұсынылған дозалау режимі: - 2 қабылдауға бөлінген 25 мг/3.6 мг/кг/тәуліктен 45 мг/6.4 мг/кг/тәулікке дейін - 2 қабылдауға бөлінген 45 мг/6.4 мг/кг/тәуліктен 70 мг/10 мг/кг/тәулікке дейін күрделірек инфекцияларды (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) емдеу үшін. Авиментин 200 мг/28.5 мг препаратының бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.