АВИМЕНТИН 1000 мг №12 таб

4440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: AVIMED REMEDIES LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амоксициллин тригидраты (875 мг амоксициллинге баламалы), сұйылтылған калий клавуланаты 125 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: натрий крахмалы гликолляты, микрокристалды целлюлоза рН-112, кремнийдің қостотығы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-6), гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-15), этилцеллюлоза N-20-Cps, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), дибутилфталат
Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде) - жедел ортаңғы отит - созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде) - ауруханадан тыс пневмония - цистит - пиелонефрит - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцестер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары) - сүйектер мен буындар инфекциялары, атап айтқанда, остеомиелит Бактерияға қарсы дәрілердің тиісті қолданылуы жөніндегі ресми нұсқауларды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- амоксициллинге, клавулан қышқылына, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) шұғыл типті ауыр аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксия) - осының алдындағы сарғаю көріністері немесе анамнездегі амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктірілімін қолдану кезіндегі бауыр функциясының бұзылуы; - 6 жасқа дейінгі және дене салмағы 25 кг-ден аз балалар
Дозасы
Дозалар, препараттың жеке компонентінің бірліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшері бойынша өрнектелген. Инфекциялық ауруды емдеу үшін таңдалған дозада ескерілуі тиіс: - күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы - аурудың ауырлығы - пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы Баламалы дозаларды пайдалануды (мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын қамтамасыз ететіндері және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынастары) қажеттілігіне қарай қарастыру керек. Ересектер мен салмағы > 40 кг балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі, төмендегі ұсынымдарға сәйкес, күніне екі рет қабылдағанда 1750 мг амоксициллин/250 мг клавулан қышқылының және күніне 3 рет тағайындалғанда 2625 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі, төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының жоғары тәуліктік дозаларын артық мөлшерде енгізіп қоймау үшін басқа Авиментин препаратын таңдау ұсынылады. Ересектер және > 40 кг балалар, ұсынылатын дозалар: стандартты доза (барлық көрсетілімдерде) 1 таблетка 875 мг/125 мг тәулігіне 2 рет Жоғары доза (отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары сияқты ауыр инфекцияларда) 1 таблетка 875 мг/125 мг тәулігіне 3 рет Емдеу ұзақтығы Емдеу клиникалық оқиғаны қайта қараусыз 14 тәуліктен артық жалғастырылмауы тиіс. Ем ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емге реакциясына қарай белгіленуі тиіс. Кейбір патологияларға (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курс қажет болуы мүмкін. Дене салмағы 40 кг дейінгі балалар 12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік заттармен емдеген дұрыс. Таблеткаларды бөлуге болмайтындықтан, дене салмағы 40 кг-ден аз балаларға таблеткаларды 875 мг/125 мг дозада тағайындауға болмайды. Ұсынылатын дозалар: • тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг-ге дейін екі бөлінген дозалар түрінде; • күніне 70 мг/10 мг/кг дейінгі дозаны екі бөлінген дозалар түрінде кейбір инфекцияларда (мысалы, ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) қарастыруға болады. 6 жасқа дейінгі және дене салмағы 25 кг-ден аз балаларға препаратты қолдану қарсы көрсетілімді. Кестеде 875/125 мг бір таблетканы қабылдағанда дене салмағы 25 кг-ден 40 кг дейінгі балаларда алынған дозалар (мг/кг дене салмағы) ұсынылған. Дене салмағы [кг] 40 35 30 25 Ұсынылатын бір реттік доза [мг/кг дене салмағы] Амоксициллин (мг/кг) 21,9 25,0 29,2 35,0 12,5-22,5 (35 дейін) Клавулан қышқылы (мг/кг) 3.1 3,6 4.2 5,0 1,8-3,2 (5 дейін) 2 жасқа дейінгі балаларда тәулігіне 1 дозасына 45 мг/6,4 мг/кг-ден жоғары дозаларға қатысты 7:1 амоксициллин/клавулан қышқылының құрамы үшін ешқандай деректер жоқ. 2 айлық жасқа дейінгі пациенттер үшін 7:1 Авиментин препараттары туралы клиникалық деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету қажет емес, ересек пациенттердегі сияқты дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерге арналған тиісті дозалар тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дағдылы доза сақтықпен және бауыр функциясын жүйелі бақылаумен қолданылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл артық пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл аз пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына 7:1 қатынасымен Авиментин препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай ұсынымдар жоқ. Енгізу әдісі және жолы Авиментин препараты пероральді қолдануға арналған. Авиментин препаратын асқазан-ішекке ықтималды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай жұту керек, таблетканы шайнауға, ұсақтауға немесе жартылай бөлуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.