+425 бонус

АВЕЛОКС 400мг №7 таб

8500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксифлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы
Қолданылуы
Авелокс® препараты, 400 мг, қабықпен қапталған таблеткалар, 18 және одан жоғары жастағы пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған мынадай бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болған жағдайда ғана қолдану қажет: жедел бактериялық синусит; өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде бронхиттің өршуі. Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді, егер аталған инфекцияларды бастапқы емдеу үшін әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болып көрінген не тиімсіз болып шыққан жағдайда ғана қолдану қажет: ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайларды қоспағанда; жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруы (сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары), тубоовариальді немесе жамбас абсцессімен асқынбаған. Авелокс® препараты, 400 мг, қабықпен қапталған таблеткалар жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын монотерапия ретінде қолдану үшін ұсынылмайды және Neisseria gonorrhoea моксилоксацинге төзімділігінің артуы салдарынан төзімділік жоққа шығарылған жағдайларды қоспағанда, басқа тиісті бактерияға қарсы препаратпен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктірілімде қолданылуы тиіс. Авелокс® препараты, 400 мг, қабықпен қапталған таблеткалар моксифлоксацинмен бастапқы ем аясында вена ішіне енгізу үшін жақсаруы бар пациенттерді емдеу курсын аяқтау үшін мынадай көрсетілімдерде де қолдануға болады: ауруханадан тыс пневмония тері мен тері асты шелінің асқынған инфекциялары Авелокс® препараты, 400 мг, қабықпен қапталған таблеткаларды терінің және тері асты шелінің кез келген инфекциясында немесе ауруханадан тыс күрделі пневмонияда бастапқы ем ретінде қолданбаған жөн. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ұсынылатын дозасы күніне 1 рет 400 мг (қабықпен қапталған 1 таблетка) құрайды. Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ созылмалы диализде, мысалы гемодиализде және ұзақ амбулаториялық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде деректер жеткіліксіз. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Дене салмағы төмен пациенттер Дене салмағы төмен пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы ас ішуге байланыссыз, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұту керек. Емдеу ұзақтығы Авелокс® 400 мг, қабықпен қапталған таблеткаларын келесі емдеу ұзақтығымен пайдалану қажет: - өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, оның ішінде бронхиттің өршуі - ауруханадан тыс пневмония - жедел бактериялық синусит - жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруы 5-10 күн 10 күн 7 күн 14 күн Авелокс® препараты, 400 мг, қабықпен қапталған таблеткалар клиникалық зерттеулерде емдеу ұзақтығы 14 күнге дейін зерттелген. Сатылы ем (ішке қабылдауға ауысатын венаішілік ем) Сатылы ем бойынша деректер негізінде пациенттердің көпшілігі венаішілік емнен пероральді емге 4 күн (ауруханадан тыс пневмония) немесе 6 күн (тері мен тері асты шелінің асқынған инфекциялары) ішінде көшті. Венаішілік және пероральді емдеудің ұсынылатын жалпы ұзақтығы ауруханадан тыс пневмония үшін 7-14 күнді және тері мен тері асты шелінің асқынған инфекциялары үшін 7-21 күнді құрайды. Жоғарыда аталған көрсетілімдер үшін ұсынылатын дозаны (тәулігіне 1 рет 400 мг) және Авелокс® препаратымен емдеу ұзақтығын арттырмаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.