+212 бонус

АВАМИС 27,5 мкг/доза, спрей назальный, 120 доз

4250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флутиказона фуроат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Глаксо Вэллком С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 дозаның құрамында белсенді зат - флутиказон фуроаты (микрондалған), 27.5 мкг, қосымша заттар: сусыз глюкоза, дисперсті целлюлоза, полисорбат 80, 50% бензалконий хлоридінің ерітіндісі, динатрий эдетаты, тазартылған су
Қолданылуы
Авамис препараты ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда (6 және одан асқан жаста) қолдануға арналған. - аллергиялық ринит симптомдарын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - ритонавирмен бірге қолдану - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен жасөспірімдер (12 және одан асқан жаста) Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет әрбір мұрын жолына екі бүркуден (бір бүркуде 27.5 микрограмм флутиказон фуроаты) (жалпы тәуліктік доза – 110 микрограмм) Ринит симптомдарын талапқа сай бақылауға қол жеткізген кезде препараттың демеуші дозасы әрбір мұрын жолына бір бүркуге дейін төмендетілуі мүмкін (жалпы тәуліктік доза – 55 микрограмм). Препараттың дозасын симптомдарды тиімді бақылау сақталатын ең төменгі дозаға дейін біртіндеп азайту керек. Балалар (6 жастан 11 жасқа дейін) Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет әрбір мұрын жолына бір бүркуден (бір бүркуде 27.5 микрограмм флутиказон фуроаты) (жалпы тәуліктік доза – 55 микрограмм). Әрбір мұрын жолына тәулігіне бір рет (жалпы тәуліктік доза – 55 микрограмм) бір бүркуді қолданғанда тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда дозаны әрбір мұрын жолына тәулігіне бір рет екі бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза – 110 микрограмм). Ринит симптомдарын талапқа сай бақылауға қол жеткізген кезде дозаны әрбір мұрын жолына тәулігіне бір рет бір бүркуге дейін төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза – 55 микрограмм). Толық емдік әсерге қол жеткізу үшін препаратты қолданудың тұрақты сызбасын ұстану ұсынылады. Әрекеттің басталуы бірінші қолданғаннан кейін 8 сағаттан соң байқалады. Дегенмен, максималды емдік әсерге жету үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Пациенттерге олардың симптомдарының айқындылығы үздіксіз тұрақты қолданған кезде төмендейтінін түсіндіру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 6 жасқа дейінгі балаларда Авамис препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Осыған байланысты деректер сипатталған, бірақ дозалау бойынша ұсынымдар беру мүмкін емес. Егде жастағы пациенттер Пациенттердің осы тобында дозаны түзету қажет етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы тобында дозаны түзету қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы тобында дозаны түзету қажет етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Авамис препараты тек мұрын ішіне енгізу жолымен қолдануға арналған. Препараты бар құтыны пайдаланар алдында сілку керек. Бірінші рет қолданар алдында құтыны тік ұстап тұрып, бүріккішке кемінде алты рет (біркелкі бүрку ағыны пайда болғанға дейін) басыңыз. Қайта іске қосу (біркелкі ағын пайда болғанға дейін шамамен 6 рет бүрку) құты қалпақсыз 5 күн бойы тұрып қалған немесе 30 күн немесе одан көп уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда ғана орындалады. Әр қолданғаннан кейін құрылғыны тазарту және қалпақшасын жауып қою керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.