+102 бонус

АУКСИЛЕН раствор для инъекций 50мг/2мл 2мл №5 амп

2040 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словакия
  • Өндіруші: АО «Калцекс»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 73,8 мг декскетопрофен трометамолы, 50 мг декскетопрофенге сәйкес келеді. қосымша заттар: 96% этанол, натрий хлориді, натрий гидроксиді (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Пероральді емдеу мүмкін болмаған кезде қарқындылығы орташа және айқын жедел ауырсыну синдромы кезіндегі қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу, мысалы, операциядан кейінгі ауырсыну, бүйрек шаншуы және омыртқадағы ауырсыну.
Қарсы көрсетілімдер
Декскетопрофенді келесі жағдайларда қолдануға болмайды: әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ұқсас әсері бар дәрілер (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП) демікпе ұстамасын, бронх түйілуін, жедел ринитті немесе мұрында полиптердің түзілуін, есекжемді немесе ангионевроздық ісінуді тудыратын пациенттерге; кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезіндегі белгілі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар; алдыңғы ҚҚСП терапиясымен байланысты анамнезінде асқазан-ішектен қан кетуі немесе перфорациясы бар пациенттер; белсенді фазадағы/асқазан-ішектен қан кетуі немесе асқазан-ішектен қан кетуі, анамнездегі асқазан-ішек жолының ойық жарасы немесе перфорациясы бар пациенттерге; созылмалы диспепсиясы бар пациенттер; басқа белсенді қан кетулері немесе гемостаздың басқа бұзылулары бар пациенттер; Крон ауруы немесе ойық жаралы колит бар пациенттер; ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер; орташа немесе ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттер (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин); бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд - Пью шкаласы бойынша 1015 балл) бар пациенттерге; геморрагиялық диатезі және қан ұюының басқа да бұзылулары бар пациенттер; ауыр сусыздануы бар пациенттер (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан); жүктіліктің үшінші триместрінде және бала емізу кезеңінде («Жүктілік және лактация кезінде» бөлімін қараңыз); балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ауксилен® нейраксиальді (интратекальді немесе эпидуральді) түрде енгізуге болмайды, өйткені оның құрамында этанол бар.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын доза 8-12 сағат сайын 50 мг құрайды. Қажет болса, қайталама дозаны 6 сағаттан кейін енгізеді. Жалпы тәуліктік доза 150 мг аспауы тиіс. Декскетопрофен қысқа мерзімді қолдануға арналған және емдеуді жедел симптоматикалық кезеңмен шектеу керек (2 күннен аспайды). Мүмкіндігінше пациенттерді пероральді анальгетиктерге ауыстыру керек. Егер симптомдарды бақылау үшін ең төмен тиімді дозаларды қысқа мерзімде қолданса, жағымсыз реакциялардың туындауын барынша азайтуға болады («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Операциядан кейінгі қарқындылығы орташа және айқын ауырсыну кезінде декскетопрофенді ересектерде көрсеткіштер бойынша апиындық анальгетиктермен бірге ұсынылған дозаларда қолдануға болады. Балалар Декскетопрофенді қолдану балалар мен жасөспірімдерде зерттелмеген. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған және осы жас тобында Ауксилен® қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету әдетте талап етілмейді. Алайда, егде пациенттерде бүйрек функциясының физиологиялық төмендеуіне байланысты бүйрек функциясының шамалы бұзылуы жағдайында төмен доза ұсынылады: жалпы тәуліктік доза 50 мг («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5 - 9 балл) пациенттерде доза жалпы тәуліктік 50 мг дозаға дейін азайтылуы тиіс және бауыр функциясын мұқият бақылау керек («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Ауксилен® бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды (Чайлд - Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 60 89 мл/мин) бар пациенттерде доза жалпы тәуліктік 50 мг дозаға дейін азайтылуы тиіс («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Декскетопрофенді орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.