+115 бонус

АУГМЕНТИН 500/125 мг №14 таб

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: СмитКляйн Бичем Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) 500 мг; клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) 125 мг, қосымша заттар: магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты А типі, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, үлбірлі қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза (5 cps), гипромеллоза (15 cps), макрогол 4000, макрогол 6000, силикон майы (диметикон 500).
Қолданылуы
жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда) жедел ортаңғы отит созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда) ауруханадан тыс пневмония цистит пиелонефрит тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы тері асты шелінің қабынуы – целлюлитте, жәндіктер шаққанда, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет маңының флегмоналары сүйек және буын инфекциялары (остеомиелит) Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) белгілі аса жоғары сезімталдық амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
Дозасы
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшеріне қатысты көрсетіледі. Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Аугментин® препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет: Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы Инфекцияның ауырлығы мен орны Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы. Аугментин® препаратының баламалы шығарылу түрлерін (мысалы, амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әр түрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) пайдалануды қажетіне қарай қарастыру керек. Ересектер мен салмағы ≥ 40 кг балалар үшін Аугментин® препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі нұсқауларға сәйкес тағайындалғанда 1500 мг амоксициллин/ 375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. 40 кг-нан аз балалар үшін Аугментин® препаратының бұл құрамы мен дәрілік түрі төмендегі нұсқауларға сәйкес тағайындалған кезде 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің анағұрлым жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының артық жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Аугментин® препаратын таңдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзақ емдеуді қажет етеді. Емдеу ұзақтығы қайта қараусыз 14 күннен аспауы тиіс. Ересектер мен > 40 кг балалар: тәулігіне 3 рет 1 таблетка 500 мг/125 мг Пациенттердің ерекше топтары ˂ 40 кг балалар: күніне 20 мг/5 мг/кг күніне 60 мг/15 мг/кг дейін, үш бөлінген дозада. Балалар таблетка, суспензия немесе педиатриялық саше түріндегі Аугментин® препаратымен ем ала алады. Дене салмағы 25 кг аз балаларға Аугментин® таблеткаларын қабылдауға болмайды, өйткені таблеткаларды бөлуге болмайды. Төмендегі кестеде дене салмағы 25-тен 40 кг-ға дейінгі балаларға бір таблетканы 500/125 мг дозада қабылдаған кезде ұсынылған доза (мг/кг дене салмағына) берілген. Дене салмағы [кг] 40 35 30 25 Ұсынылған бір реттік доза [мг/кг дене салмағына] (жоғарыдан қараңыз) Амоксициллин [мг/кг дене салмағына] бір реттік дозаға (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) 12.5 14.3 16.7 20.0 6.67 – 20 Клавулан қышқылы [мг/кг дене салмағына] бір реттік дозаға (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) 3.1 3.6 4.2 5.0 1.67 - 5 Дене салмағы 25 кг дейінгі және 6 жасқа дейінгі балаларға суспензия немесе педиатриялық саше түріндегі Аугментин тағайындау ұсынылады. 2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 40 мг/10 мг/кг жоғары дозада қабылдайтын Аугментин® 4:1 препараты құрамының дозаларына қатысты деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ересектер мен салмағы 40 кг кем емес балалар Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин Тәулігіне екі рет 500 мг/125 мг Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем Тәулігіне бір рет 500 мг/125 мг Гемодиализ 24 сағат сайын 500 мг/125 мг, диализ кезінде қосымша 500 мг/125 мг диализ прцедурасы аяқталғаннан кейін қайталаңыз (өйткені қан сарысуындағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді) Салмағы 40 кг кем балалар Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин Тәулігіне екі рет 15 мг/3.75 мг/кг (күніне екі рет ең жоғары 500 мг/125 мг). Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем 15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза түрінде (ең жоғары 500 мг/125 мг). Гемодиализ Тәулігіне бір рет күніне 15 мг/3.75 мг/кг. Гемодиализге дейін 15 мг/3.75 мг/кг. Гемодиализден кейін айналымдағы препараттардың деңгейін қалпына келтіру үшін кг-ға 15 мг/3.75 мг тағайындау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.