+116 бонус

АУГМЕНТИН 400 мг/57 мг/5 мл суспензия 70 мл

2330 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Глаксо Веллком Продакшн
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді заттар: амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) 400 мг; клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) 57 мг, қосымша заттар: ксантан шайыры, аспартам, янтарь қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромелоза, құрғақ апельсин хош иістендіргіші 1, құрғақ апельсин хош иістендіргіші 2, құрғақ таңқурай хош иістендіргіші, құрғақ «Ашық патока» хош иістендіргіші, сусыз кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда) жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (ЛОР мүшелерінің инфекциясын қоса), қайталанатын тонзиллит жедел ортаңғы отит созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда) ауруханадан тыс пневмония цистит пиелонефрит тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы тері асты шелінің қабынуы – целлюлитте, жәндіктер шаққанда, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет маңының флегмоналары сүйек және буын инфекциялары (остеомиелит)
Қарсы көрсетілімдер
пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) белгілі аса жоғары сезімталдық амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты)
Дозасы
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшеріне қатысты көрсетіледі. Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Аугментин® препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет: Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы Инфекцияның ауырлығы мен орны Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы. Аугментин® препаратының альтернативті шығарылу түрлерін (мысалы, амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әр түрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) пайдалануды қажетіне қарай қарастыру керек. Ересектер мен балалар > 40 кг ересектерге арналған Аугментин® препаратының дозасымен емделуге тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Салмағы 40 кг-нан аз балалар үшін Аугментин® препараты осы құрамы төменде ұсынылғандай енгізу кезінде 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің анағұрлым жоғары тәуліктік дозасы талап етілсе, клавулан қышқылының тым жоғары тәуліктік дозасын енгізбеу үшін Аугментиннің® басқа препаратын таңдау ұсынылады. ˂ 40 кг балалар: балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түрінде дәрілік шығарылу түрлерімен емдеуге болады. Ұсынылатын дозалар: тәулігіне 25 мг/ 3,6 мг/кг-нан тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг-ға дейін, екі бөлінген дозалар (тері және жұмсақ тіндер инфекциялары, сондай-ақ қайталанатын тонзиллит) түрінде алынатын; күніне 70 мг/10 мг/кг-ға дейін, кейбір инфекциялар үшін екі бөлінген дозалар ретінде алынады (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдары, сүйек және буын инфекциялары сияқты). 2 жасқа дейінгі балаларда күніне кг-ына 45 мг/ 6,4 мг қарағанда жоғары дозаларға қатысты амоксициллиннің клавулан қышқылына 7:1 қатынасымен Аугментин® препаратын қолдануды ұсыну үшін клиникалық деректер жеткіліксіз. Аугментин® препараты 7:1 құрамы үшін 2 айға толмаған пациенттер үшін ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша нұсқаулар жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерге арналған тиісті дозалар тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 Аугментин® препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай нұсқаулар жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.