+195 бонус

АТРОВЕНТ Н 20 мкг/доза 200 доз

3900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ипратропия бромид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Boehringer Ingelheim Pharma KG
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір дозаның құрамында белсенді зат - 0,021 мг ипратропий бромиді моногидраты бар (0,020 мг сусыз ипратропий бромидіне баламалы), қосымша заттар: абсолютті этанол, сусыз лимон қышқылы, тетрафторэтан (HFA 134a, пропеллент), тазартылған су.
Қолданылуы
созылмалы обструкциялық өкпе аурулары (СОӨА) кезіндегі бронх түйілуін демеуші ем ретінде балалар және ересектерде бета-2-миметиктер көрсетілмеген, бронх демікпесінің жеңіл және орташа дәрежесі, немесе бронх демікпесінің жедел ұстамаларын емдеуге бета-2-миметиктерге қосымша ретінде тағайындау
Қарсы көрсетілімдер
атропинге және оның туындыларына аса жоғарғы сезімталдық ипратропий бромиді немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық жүктілік (I триместр) 6 жасқа дейінгі балалар жабық бұрышты глаукома Сақтықпен: несеп шығару жолдарының обструкциясы қуық асты безінің гиперплазиясы лактация кезеңі
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Дозалау режимі әр адамға жекелей таңдалады. Емдеу кезінде емделушілер медициналық бақылауда болуы тиіс. Шұғыл, сондай-ақ демеуші ем ретіндегі ем барысында күнделікті ұсынылатын дозаны асырмау ұсынылады. Егер ем барысында емделушінің жай-күйі елеулі жақсармаса немесе тіпті нашарласа, емнің жаңа жоспарын анықтау үшін медициналық кеңес алуға қаралу керек. Жедел немесе жылдам үдейтін диспноэ (ентігу) жағдайында дәрігер кеңесіне дереу жүгіну керек. Ересектер және 6 жастан асқан балалар: 1-2 ингаляциялық дозадан күніне 3-4 рет бүрку (бүрку). АТРОВЕНТ Н ересектердегі созылмалы обструкциялық өкпе ауруларын емдеу үшін көрсетілуі мүмкін. Хабарлардың шектеулі болуынан дозаланған аэрозоль АТРОВЕНТ Н балаларда тек дәрігер тағайындалуымен және ересектер бақылауымен ғана пайдаланылуы тиіс. Дозаланған аэрозольді пайдалану нұсқаулығы Дұрыс қабылдауды қамтамасыз ету үшін қолдану бойынша нұсқаулықты мұқият оқу керек. Ингаляция жүргізгенде емделушінің не отыруы, болмаса тұруы ұсынылады. Ең жоғары әсерін алу үшін ингаляторды дұрыс пайдалану керек. Дозаланған аэрозольді бірінші рет пайдаланар алдында, клапанын аэрозоль бұлты пайда болғанға дейін екі рет басыңыз. Дозаланған аэрозольді пайдалану кезінде әрбір жағдайда мынадай ережені сақтау қажет: Қорғаныш қалпақшасын ағытып алыңыз. Толық баяу тыныс шығарыңыз. Баллонды 1 суретте көрсетілгендей етіп ұстап, ұштығын ерніңізбен қыстырыңыз. Бұл жағдайда бағыттағыш және ингалятордың түбін жоғары қарату керек. сурет Шамаңыз келгенше терең тыныс алыңыз және сонымен бірге аэрозоль дозасын шығару үшін баллонның түбін қатты басыңыз. Бірнеше секунд дем алмаңыз, бұдан кейін ұштықты аузыңыздан алып, баяу тыныс шығарыңыз. Айтылған іс-әрекеттерді екінші ингаляция үшін қайталаңыз. 5. Пайдаланғаннан кейін қорғаныш қалпақшасын қайта кигізіңіз. 6. Егер аэрозольді баллон үш күннен аса пайдаланылмаған болса, қолданар алдында клапанын аэрозоль бұлты пайда болғанға дейін бір рет басу керек. Баллон мөлдір емес, сондықтан баллондағы препарат көлемін анықтау мүмкін емес. Баллон 200 ингаляцияға есептелген. Алайда баллондағы барлық дозаларды пайдаланып болған соң ішінде ерітіндінің аздаған мөлшері қалуы мүмкін. Оған қарамастан ингаляторды ауыстыру керек, өйткені басқаша болғанда қажетті емдік дозаны ала алмай қалуы мүмкін. Препараттың ингалятордағы мөлшерінің шамасын төмендегі түрде тексеруге болады: ішінде қандай да бір сұйықтық қалғанын тексеру үшін баллонды сілкіңіз, немесе баллонды пластмасса мүштіктен шығарып алыңыз және баллонды су толтырылған ыдысқа салу керек. Препараттың көлемін судағы баллонның қалпынан білуге болады (2-суретті қараңыз). бос ¼ толтырылған ½ толтырылған 3/4 немесе одан артығы толтырылған (2-сурет) Ингаляторды тазалауды аптасына бір реттен кем емес жүргізу керек. Спрей шығуына кедергі келтіретін препарат жиналуын болдырмас үшін ингалятор мүштігін таза ұстау маңызды. (3 сурет) Ингаляторды тазалау үшін алдымен шаңнан қорғайтын қақпақты, ал содан кейін ингалятордан баллонды шешіңіз. Ингаляторды жылы су ағыны астында дәрілік заттардың және/немесе кірдің барлық қалдығы жуылып кеткенше жуыңыз (3 сурет). (4 сурет) Тазалаудан кейін ингаляторды сілкіңіз және оны қандай да бір қыздыратын қондырғы пайдаланбай ауада кебуге қалдырыңыз. Мүштік кепкеннен кейін, баллонды ингаляторға қосыңыз және шаңнан қорғайтын қалпақшаны кигізіңіз (4 сурет). ЕСКЕРТУ: пластмасса мүштік тек қана АТРОВЕНТ Н дозаланған аэрозоль үшін арнайы әзірленген және препараттың дәл дозалануы үшін қызмет етеді. Мүштікті басқа дозаланған аэрозольмен пайдалануға болмайды. Сондай-ақ АТРОВЕНТ Н аэрозолін баллонмен бірге жеткізілгеннен өзге қандай да бір басқа мүштікпен пайдалануға болмайды. Баллон ішіндегісі қысымда болады. Баллонды ашуға және 50°С-ден жоғары қыздыруға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.