+166 бонус

АТОРВАСТАТИН Зентива 40 мг №30 таб

3320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: Зентива к.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10 мг, 20 мг және 40 мг аторвастатин ядросы: кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, төмен орын басатын гидроксипропилцеллюлоза, повидон К12, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты Қабық құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің сары тотығы (Е172), лактоза моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
- алғашқы гиперхолестеринемиясы (отбасылық гетерозиготалы және отбасылық емес гиперхолестеринемиялы), біріктірілген (аралас) гиперлипидемиясы (Фредериксон бойынша IIа және IIb типтері) бар ересектердегі, жасөспірімдердегі және 10 және одан үлкен жастағы балалардағы қан плазмасында жалпы холестерин, Хс-ТТЛП, аполипопротеин В және триглицеридтер құрамы жоғары және Хс-ТЖЛП мөлшері жоғары пациенттерді емдеу үшін, диетамен емдеу талапқа сай әсер бермеген жағдайда, диетамен үйлестіріп - диетотерапияның тиімділігі және емдеудің басқа да фармакологиялық емес әдістері жеткіліксіз болғанда гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде қан плазмасындағы жалпы холестерин мен Хс-ТТЛП мөлшерін төмендету үшін Жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы Бастапқы жүрек-қан тамырлары аурулары қаупі жоғары ересек пациенттерде басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша, жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасында.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың белсенді аурулары немесе генезі түсініксіз сарысу трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен көбірек) - жүктілік және лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге қолдану - С гепатитіне қарсы вирусқа қарсы препараттармен (глекапревир/либрентасвир) бірге қолдану.
Дозасы
Аторвастатин Зентива қабылдағанға дейін пациентке холестерин деңгейін төмендететін стандартты диета қабылдату керек және осы диетаны емдеу кезінде де жалғастыруы тиіс. Алғашқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия Көптеген жағдайларда препаратты күніне 10 мг дозада тәулігіне бір рет тағайындау жеткілікті. Емдеудің әсері 2 аптадан кейін дамиды, ең жоғары әсері - 4 аптадан кейін. Препаратты ұзақ уақыт қолдану арқылы оң өзгерістерге қолдау көрсетіледі. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия Қолжетімді деректер шектеулі ғана Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия Пациенттерге емді тәулігіне 10 мг аторвастатин дозасымен бастау керек. Дозаны таңдаған кезде жеке тәсілді қолдану керек, дозаны әр 4 апта сайын тәулігіне 40 мг дейін түзету керек. Осыдан кейін аторвастатин дозасын тәулігіне 80 мг-ға дейін арттыруға болады немесе тәулігіне 40 мг-нан өт қышқылының сөлінісін күшейтетін препаратпен біріктірілімде қабылдауға болады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы Негізгі профилактикалық зерттеулерде препараттың тәулігіне 10 мг дозасы қолданылды. ТТЛП холестерин деңгейіне жету үшін препараттың жоғарырақ дозаларын қолдану қажет болады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препараттың организмнен шығарылуының бәсеңдеуіне байланысты сақтықпен тағайындалады. Препарат бауырдың белсенді ауруы бар пациенттерге қарсы көрсетілімде. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек ауруы аторвастатин концентрациясына немесе қан плазмасындағы Хс-ТТЛП деңгейінің төмендеуіне әсер етпейді, сондықтан дозаны түзетудің қажеті жоқ. Егде жастағылар Ұсынылған дозаларды 70 жастан асқан пациенттердегі қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жалпы популяцияда байқалғанға ұқсас. Балалар жасында Гиперхолестеринемия Педиатриялық қолдануды балалар гиперлипидемиясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізуі керек, пациенттер прогрессті бағалау үшін үнемі қайта бағалаудан өтуі керек. 10 жастағы және одан үлкен жастағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттер үшін аторвастатиннің ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 10 мг құрайды. Доза препараттың реакциясы мен жағымдылығына байланысты күніне 80 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дозасы ұсынылған емдік мақсатқа сәйкес жеке-дара болуы тиіс. Түзету 4 апта немесе одан көп уақыт аралығында жасалуы керек. Күніне 80 мг-ға дейінгі дозаны таңдау ересектердегі зерттеулердің деректері және гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалардағы зерттеулердің шектеулі клиникалық деректерімен расталады. 6-дан 10 жасқа дейінгі гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балаларды емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы шектеулі деректер ашық зерттеулер нәтижесінен алынған. Аторвастатин 10 жасқа дейінгі науқастарды емдеуге көрсетілмеген. Қазіргі уақытта деректер бөлімдерінде сипатталған, бірақ дозалау режиміне қатысты ешқандай ұсыныстар жасау мүмкін емес. Тұрғындардың осы тобы үшін басқа фармацевтикалық формалар / дозалар қолайлы болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.