+84 бонус

АТОРВАСТАТИН-ЛФ 20 мг №30 таб

1680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында әсер етуші зат - аторвастатин 10.0 мг (кальций тригидрат аторвастатині түрінде 10.85 мг); аторвастатин 20.0 мг (кальций тригидрат аторвастатині түрінде 21.70 мг); аторвастатин 40.0 мг (кальций тригидрат  аторвастатині түрінде 43.40 мг); қосымша заттар: кальций карбонаты, кросповидон, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, микрокристалды целлюлоза; қызғылт қабықтың құрамы: тальк, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), поливинил спирті, темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172).
Қолданылуы
Қауіпті азайту үшін: Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық айқын ЖИА жоқ ересек пациенттерде миокард инфарктісі (МИ), инсульт, реваскуляризация процедуралары және стенокардияда. ЖИА дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық айқын ЖИА жоқ 2 типті қант диабетімен ересек пациенттерде миокард инфарктісі және инсультте. Өлімге әкелмейтін миокард инфарктісі, өлімге әкелетін және өлімге әкелмейтін инсульт, реваскуляризация процедуралары, клиникалық айқын ЖИА бар ересек пациенттерде жүректің іркілісті жеткіліксіздігі мен стенокардияға байланысты ауруханаға жатқызуда. Пациенттердің келесі санаттарында тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринін (ТТЛП ХС) төмендетуге арналған диетаға қосымша ретінде: Бастапқы гиперлипидемиясы бар ересек пациенттер. Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен (ГеОГХС) ересек пациенттер және 10 жас және одан үлкен балалар. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен (ГоОГХС) ересек пациенттерде және 10 және одан жоғары жастағы балаларда ТТЛП ХС деңгейін төмендету үшін, ТТЛП ХС деңгейін төмендететін басқа емдеу әдістеріне қосымша ретінде немесе егер мұндай емдеу әдісі мүмкін болмаса, бөлек. Келесі патологиясы бар ересек пациенттерді емдеуге арналған диетаға қосымша ретінде: Бастапқы дисбеталипопротеинемия. Гипертриглицеридемия.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың белсенді аурулары немесе генезі айқын емес сарысу трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен көбірек) - жүктілік және лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның адекватты әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге қолдану - С гепатитіне   қарсы  (глекапревир/либрентасвир)  вирусқа қарсы препараттермен бірге қолдану.
Дозасы
Дозалау туралы маңызды ақпарат Аторвастатин-ЛФ препаратын тамаққа қарамастан тәуліктің кез келген уақытында күніне бір рет пероральді қабылдау керек. Егер бұл клиникалық тұрғыдан қажет болса, Аторвастатин-ЛФ препаратын қабылдағаннан кейін 4 аптадан кейін ТТЛП ХС деңгейін бағалау керек және қажет болған жағдайда дозаны түзету керек. Ересек пациенттерге ұсынылатын доза Аторвастатин-ЛФ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10-нан 20 мг-ге дейінді құрайды. Доза диапазоны күніне бір рет 10-нан 80 мг-ге дейінді құрайды. ТТЛП ХС деңгейін 45%-дан астам төмендетуді қажет ететін пациенттерге күніне бір рет 40 мг дозадан бастауға болады. ГеОГХС бар 10 жас және одан үлкен балаларға ұсынылатын доза Аторвастатин-ЛФ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Доза диапазоны күніне бір рет 10-нан 20 мг-ге дейін құрайды. ГоОГХС бар 10 жас және одан үлкен балаларға ұсынылатын доза Аторвастатин-ЛФ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10-нан 20 мг-ге дейінді құрайды. Доза диапазоны күніне бір рет 10-нан 80 мг-ге дейін құрайды. Дәрілік өзара әрекеттесуге байланысты дозаның өзгеруі Аторвастатин-ЛФ препаратын келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану Аторвастатин-ЛФ препаратының дозасын түзетуді талап етеді ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу" бөлімін қараңыз). Вирусқа қарсы препараттар Саквинавир плюс ритонавир, дарунавир плюс ритонавир, фосампренавир, фосампренавир плюс ритонавир, элбасвир плюс гразопревир немесе летермовир қабылдайтын пациенттерде Аторвастатин-ЛФ препаратының дозасы күніне бір рет 20 мг-ден аспауы тиіс. Нелфинавир қабылдаған пациенттерде Аторвастатин-ЛФ препаратының дозасы күніне бір рет 40 мг-ден аспауы тиіс. Жеке азолды зеңге қарсы препараттар немесе макролидті антибиотиктер Кларитромицин немесе итраконазол қабылдайтын пациенттерде Аторвастатин-ЛФ препаратының дозасы күніне бір рет 20 мг-ден аспауы тиіс. Аторвастатин-ЛФ препаратын басқа вирусқа қарсы препараттармен, азолды зеңге қарсы препараттармен немесе макролидті антибиотиктермен бір мезгілде қолдануға қатысты қосымша ұсыныстар "Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу" бөлімінде келтірілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.