+178 бонус

АТОРИС 40 мг №30 таб

3560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 41,44 мг кальций аторвастатині (40,00 мг аторвастатинге баламалы) қосымша заттар: повидон, натрий лаурилсульфаты, кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, кросповидон, магний стеараты қабығы: Opadry White Y-1-7000 (құрамында гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171) және макрогол 400 бар)
Қолданылуы
Гиперхолестеринемия Аторис препараты отбасылық гиперхолестеринемияны (гетерозиготалы түрі) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны (Фредриксон жіктеуі бойынша IIa және IIb сәйкес келетін) қоса, алғашқы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде, диетаның және фармакологиялық емес басқа да әдістердің тиімділігі жеткіліксіз болып шыққанда, жалпы холестериннің (жалпы-ХC), тығыздығы төмен липопротеиндер ТТЛП (ХС-ТТЛП) холестериннің, В аполипопротеиннің және триглицеридтердің мөлшерін төмендету үшін диетаға қосымша ретінде ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастағы және одан үлкен жастағы балаларға көрсетілген. Аторис препараты гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерде гиполипидемиялық емнің басқа да түрлеріне қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП аферезі), немесе егер емнің басқа түрлері мүмкін болмаған жағдайда жалпы ХС және ХС-ТТЛП мөлшерін төмендету үшін көрсетілген. Жүрек-қантамыр аурулары профилактикасы Бастапқы жүрек-қантамыр ауруларының дамуының жоғары қаупі бар ересек пациенттердегі жүрек-қантамыр аурулары профилактикасында қауіптің басқа факторларын түзетуге қосымша ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
Аторис қарсы көрсетілімде: - белсенді затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде тізбеленген кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық пациенттерге - белсенді сатыдағы бауыр ауруларымен немесе сарысулық трансаминазалары қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе асатын, түсініксіз тұрақты жоғарылауы бар пациенттерге - жүктілік кезінде, бала емізу кезеңінде және контрацепцияның сенімді әдістерін қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдер («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз) - С гепатитін емдеу үшін вирусқа қарсы глекапревир/пибрентасвир препараттарын қабылдайтын пациенттерге - тұқым қуалайтын лактоза жағымсыздығы, LAPP-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
Дозасы
Препаратты қолданғанда емдеуші дәрігердің немесе фармацевтің нұсқауларын әркез дәл орындау керек. Препаратты дұрыс қолдану туралы күмән туындаса, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен ақылдасу керек. Емдеуді бастар алдында әдетте дәрігер Аториспен емдеу кезінде де сақталу керек гипохолестерин диетасын тағайындайды. Ересектерде және 10 және одан жоғары жастағы балаларда Атористің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, емдеуші дәрігер дозаны сізге қажетті мөлшерге дейін арттыра алады. Емдеуші дәрігер дозаны ұзақтығы 4 апта немесе оған жақын уақыт аралығында қайта қарайды. Атористің ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Енгізу әдісі және жолы Аторис® таблеткаларын тұтас жұтып, сумен ішу керек, тамақты ішуге қарамастан, күннің кез келген уақытында қабылдауға болады. Дегенмен, таблетканы күн сайын бір уақытта қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.