АТОРИС 10 мг №30 таб

1380 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10,36 мг немесе 20,72 мг кальций аторвастатині (сәйкесінше 10 мг немесе 20 мг аторвастатинге баламалы) қосымша заттар: повидон, натрий лаурилсульфаты, кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты қабығы: Опадрай II HP 85F28751 ақ (құрамы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3000, тальк)
Қолданылуы
Гиперхолестеринемия Аторис® препараты отбасылық гиперхолестеринемияны (гетерозиготалы түрі) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны (Фредриксон жіктеуі бойынша IIa және IIb типіне сәйкес келетін) қоса, алғашқы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде, диетаның және фармакологиялық емес басқа да әдістердің тиімділігі жеткіліксіз болып шыққанда, жалпы холестериннің (жалпы-ХC), тығыздығы төмен липопротеиндер ТТЛП (ХС-ТТЛП) холестериннің, В аполипопротеиннің және триглицеридтердің мөлшерін төмендету үшін диетаға қосымша ретінде ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастағы және одан үлкен жастағы балаларға көрсетілген. Аторис® препараты гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерде гиполипидемиялық емнің басқа да түрлеріне қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП аферезі), немесе егер емнің басқа түрлері мүмкін болмаған жағдайда жалпы ХС және ХС-ТТЛП мөлшерін төмендету үшін көрсетілген. Жүрек-қантамыр аурулары профилактикасы Бастапқы жүрек-қантамыр ауруларының дамуының жоғары қаупі бар ересек пациенттердегі жүрек-қантамыр аурулары профилактикасында қауіптің басқа факторларын түзетуге қосымша ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе препараттың қосымша затының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық белсенді бауыр ауруы немесе генезі белгісіз сарысулық трансаминазалар белсенділігі жоғарылауы (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен астам) жүктілік және бала емізетін әйелдер, контрацепцияның сенімді әдістерін қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдер егер сіз С гепатитін емдеу үшін глекапревир/пибрентасвир біріктірілімін қолдансаңыз тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
Дозасы
Препаратты қолданғанда өз емдеуші дәрігеріңіздің немесе фармацевтің нұсқауларын әркез дәл орындалуын сақтаңыз. Егер сізде препаратты дұрыс қолдану туралы күмән туындаса, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен ақылдасу керек. Емдеуді бастар алдында сіздің дәрігеріңіз сізге Аториспен емдеу кезінде де сақталу керек гипохолестерин диетасын тағайындайды. Ересектерде және 10 және одан жоғары жастағы балаларда Атористің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, сіздің дәрігер дозаны сізге қажетті мөлшерге дейін арттыра алады. Сіздің дәрігеріңіз дозаны ұзақтығы 4 апта немесе оған жақын уақыт аралығында қайта қарайды. Атористің ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Енгізу әдісі және жолы Аторис® таблеткаларын тұтас жұтып, сумен ішу керек, тамақты ішуге қарамастан, күннің кез келген уақытында қабылдауға болады. Дегенмен, таблетканы күн сайын бір уақытта қабылдауға ұмтылыңыз. Емдеу ұзақтығы Аториспен емдеу ұзақтығын сіздің дәрігеріңіз анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.