+61 бонус

Атенолол-Тева 25мг №50 таб

1230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Атенолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: ратиофарм ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 25 мг немесе 50 мг атенолол, қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, магний карбонаты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, желатин, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), глицерин.
Қолданылуы
Атенолол-Тева 25 мг: - функционалдық кардиоваскулярлық бұзылуларда (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары) Атенолол-Тева 50 мг: - артериялық гипертензия - стенокардия - жүрек ырғағының бұзылуы: синустық тахикардия, қарыншаүстілік тахиаритмия профилактикасы, жыпылықтайтын тахиаритмия, жүрекшенің дірілдеуі
Қарсы көрсетілімдер
- атенололға, басқа бета-адреноблокаторларға немесе басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық - жедел жүрек жеткіліксіздігі - кардиогенді шок - II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада - синустық түйіннің әлсіздік синдромы - синоатриялық блокада - синустық брадикардия (емдеуді бастар алдындағы тамырдың минутына 50-ден аз соғуы) - артериялық гипотония (систола қысымы сын. бағ. 90 мм аз) - метаболизмдік ацидоз - бронх демікпесі - емделмеген феохромоцитома - шеткері қан айналымы бұзылуының кешеуілдеген сатылары - моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (МАО-В тежегіштері бұған қосылмайды) - верапамил және дилтиазем, немесе басқа антиаритмитиктер сияқты, кальций өзекшелерінің блокаторларын (мысалы, дизопирамид) бір мезгілде вена ішіне енгізу. Қарқынды емдеу бөлімдеріндегі науқастар бұған қосылмайды.
Дозасы
Атенолол-Тева препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді. Функционалдық кардиоваскулярлық бұзылулар (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары) Атенолол-Тева 25 мг 1 таблеткадан немесе Атенолол-Тева 50 мг ½ таблеткадан тәулігіне 1 рет. Созылмалы тұрақты және тұрақсыз стенокардия Тәулігіне 1 рет 50-100 мг атенолол (Атенолол-Тева 50 мг 1-2 таблеткасы). Артериялық гипертензия Емдеуді, әдетте, 50 мг атенололды бір рет қолданудан бастайды (Атенолол-Тева 50 мг 1 таблеткасы). Қажет болса, күндізгі дозаны бір аптадан соң 100 мг дейін көбейтеді (Атенолол-Тева 50 мг 2 таблеткасы). Суправентрикулярлық (қарыншаүстілік) және вентрикулярлық {қарыншалық) аритмиялар Атенолол 50 мг-ден тәулігіне 1-2 рет тағайындалады (Атенолол-Тева 50 мг 1-2 таблеткадан). Атенолол-Тева 50 мг қабылдау жүректің жиырылу саны төмендеген және/немесе артериялық қысым немесе басқа асқынулар пайда болған жағдайда дереу тоқтатылуы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылулары Креатинин клиренсі (КК) минутына 10-30 мл құрайды, атенолол дозасын ұсынылуынан екі есе азайтуға болады. Егер КК минутына 10 мл-ден аз құраса, атенолол дозасын ұсынылуының ¼ бөлігіне дейін азайтуға болады. Егде жастағы пациенттер Дозаны азайту бүйрек функциясы жеткіліксіздігімен байланысты. Балалар Осы препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Атенолол-Тева тамақтану алдында жеткілікті сұйықтық мөлшерімен (мысалы, сумен) іше отырып, шайнамастан, ішке қабылданады. Препаратты күтпеген жерден тоқтату немесе емдеудегі үзілістер стенокардия мен артериялық гипертензияның өршуімен жүрек ишемиясын туғызуы немесе тіпті миокард инфарктісіне түрткі болуы мүмкін. Сондықтан препаратты тоқтату және дозаны төмендету сатылы түрде баяу жүзеге асуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішуге арналған таблеткалар, сумен іше отырып. Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі Атенололды қабылдау - тәулігіне 1 рет, кейбір көрсетілімдерде дәрігер тәулігіне 2 рет қабылдауды тағайындауы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдерде қолдану Бұл препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары: клиникалық көрінісі улану дәрежесіне байланысты және, негізінен, жүрек-қан тамырлары және орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар түрінде көрініс береді. Артық дозалану артериялық гипотензияға, брадикардияға (жедел жүрек жеткіліксіздігіне дейін апаратын) және кардиогенді шокқа әкелуі мүмкін. Ауыр жағдайларда тыныс алудың қиындауы, бронх түйілуі, құсу, сананың нашарлауы; анда-санда – жайылған құрысу ұстамалары байқалуы мүмкін. Емі: артық дозаланған жағдайларда немесе жүректің жиырылу жиілігінің және/немесе артериялық қысымның түсіп кетуі қатер төндіргенде емдеуді доғарады. Қарқынды емдеу бөлімдері жағдайларында организмнен атенололды шығаруға бағытталған шаралардан басқа, негізгі параметрлерге мұқият қадағалау жүргізіп, қажет болса ретке келтіреді. Қажет болғанда: - атропин (0,5 - 2,0 мг в/і болюс түрінде); - глюкагон: бастапқы доза 1-10 мг в/і (сорғалатып), әрі қарай – ұзақ инфузия түрінде сағатына 2-2,5 мг; - дене салмағына және алынған әсерге байланысты симпатомиметиктер (допамин, добутамин, изопреналин, орципреналин немесе адреналин) тағайындалады. Емге рефрактерлі брадикардияда науқасты электрокардиостимуляцияға уақытша көшіруге болады. Бронх түйілуінде аэрозоль түрінде бета2-симпатомиметиктер немесе аминофиллин в/і тағайындалады (әсер жеткіліксіз болғанда да в/і). Жайылған құрысу ұстамаларында диазепамді баяу в/і енгізу тағайындалады. Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің кеңесіне жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі - брадикардия, аяқ-қолдың салқындауы - іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іш қату, іш өту. Жиі емес - бауыр трансаминазаларының жоғарылауы, бауырішілік холестаз, гепатит Сирек - жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, естен тануды туғызуы ықтимал гипотония (ортостатикалық гипотония), шеткері қантамыр жеткіліксіздігі бар науқастарда симптомдардың нашарлауы (оның ішінде мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде), Рейно синдромы. - бас айналу, тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, түнгі қорқынышты түстер - елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, сандырақтау, парестезия, бас ауыру, бас айналу, депрессиялық көңіл-күй, түнгі қорқынышты түстер - пурпура, тромбоцитопения - аллергиялық тері реакциялары (қышыну, терінің қызаруы, экзантема), шаштың түсуі - либидоның бұзылуы, импотенция, гинекомастия - диспноэ, бейімділігі бар науқастарда бронх обструкциясы синдромының пайда болуы мүмкін - көрудің бұзылуы, көз жасы безі сөлінісінің азаюы, бұл әсіресе жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастарда анықталады - латентті қант диабетінің манифестациясы немесе ағымдағы қант диабеті бар науқастар жағдайының ауырлауы - жалпы холестерин қалып шегінде болатын кезде тығыздығы жоғары липопротеидтер деңгейі азаяды және плазмадағы триглицеридтер деңгейі жоғарылайды Өте сирек - псориаз Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) - Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар - Люпус тәрізді синдром, антинуклеарлық антидененің жоғарылауы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.