Ассубекс 10 мг №28 таб п/о Ривароксабан

9:00-ден кейін қолжетімді
12925 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Мальто
  • Өндіруші: ФарОС МТ Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - ривароксабан 10 мг, қосымша заттар: таблетканың ядросы: натрий лаурилсульфаты, лактоза, полоксамер 188, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы қабығы: гипромеллоза, титанның қостотығы (E 171), макрогол 3350, темірдің қызыл тотығы (Е 172)
Қолданылуы
- ұршық немесе тізе буыны жоспарлы протезделген ересек пациенттерде вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) профилактикасы. - ересектерде терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ, ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету - ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай. Мұндайларға бұрыннан бар немесе жуырда болған асқазанның ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым немесе офтальмологиялық операция, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы жатуы мүмкін. - фракцияланбаған гепарин (ФГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында. - Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, коагулопатиямен және клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен қатар жүретін бауыр ауруы. - жүктілік және емшек емізу.
Дозасы
Ұршық немесе тізе буыны жоспарлы протезделген ересек пациенттердегі вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) профилактикасы Ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет ішке 10 мг ривароксабанды құрайды. Бастапқы дозасын гемостазға қол жеткізілген жағдайда, операциядан кейін 6-10 сағаттан соң қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы ауқымды ортопедиялық операцияның типіне қарай анықталады және пациенттегі ВТЭ дамуының жекелей қаупіне тәуелді. Ұршық буынына ауқымды операция жасалған пациенттер үшін емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 5 аптаны құрайды Тізе буынына ауқымды операция жасалған пациенттер үшін емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 2 аптаны құрайды. Дозасын өткізіп алған жағдайда, пациент Ассубексті дереу қабылдауы керек, және келесі күні дозасын өткізіп алғанға дейінгідей тәулігіне бір таблеткадан емді жалғастыруы керек. ТВТ мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы Жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емі үшін ұсынылатын дозасы алғашқы 3 апта бойы күніне екі рет 15 мг құрайды, содан кейін ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының емі мен профилактикасын жалғастыру үшін күніне бір рет 20 мг қабылданады. Қысқа мерзімдік (кемінде 3 ай) емді негізгі қауіп факторлары (мысалы, жуырда болған ауқымды операциялық араласымдар немесе жарақат) түрткі болған ТВТ мен ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Ұзағырақ емдеуді негізгі қауіп факторларымен байланыссыз туындаған ТВТ немесе ӨАТЭ, түрткі болмаған ТВТ немесе ӨАТЭ немесе анамнезінде ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы бар пациенттерде қарастыру керек.  ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының ұзартылған профилактикасына (ТВТ немесе ӨАТЭ кемінде 6 ай бойы емдеуден кейін) көрсетілім болған жағдайда, ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының қаупі жоғары пациенттер, мысалы, асқынған қатарлас аурулары немесе Ассубекс препаратымен тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозасында ұзартылған ем аясында ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы болғанда Ассубекс препаратының 20 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдауды қарастыру керек. Емдеудің ұзақтығы мен дозасын емдеудің пайдасын қан кету қаупіне қатысты мұқият бағалағаннан кейін әркімге жекелей таңдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.