АСПИРИН КАРДИО 100 мг №28 таб

1520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100 мг немесе 300 мг ацетилсалицил қышқылы, қосымша заттар: целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, эудрагит L30D, полисорбат 80, натрий лаурилсульфаты, тальк, триэтилцитрат.
Қолданылуы
Аспирин® кардио 100 мг: - тұрақсыз стенокардия – стандартты емнің аясында - жедел миокард инфарктісі – стандартты емнің аясында - қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы - операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін) - ауруды алдын ала білдірушінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және инсульттің профилактикасы - Кавасаки синдромы: - қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін - коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін Аспирин® кардио 300 мг: - қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы Бір дозасының құрамындағы белсенді заттың мөлшерін ескергенде, Аспирин® кардио 100 мг және 300 мг ауыруды емдеуге арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық - анамнездегі салицилаттарды немесе әсері соған ұқсас заттарды қабылдаудан, әсіресе қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан индукцияланған бронх демікпесі - асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруының жедел кезеңі - геморрагиялық диатез - бауыр жеткіліксіздігі - бүйрек жеткіліксіздігі - талапқа сай емделмеген кездегі ауыр жүрек жеткіліксіздігі - метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан көп дозада үйлестіріп қолдану - жүктіліктің соңғы триместрінде 150 мг-ден жоғары тәуліктік дозада
Дозасы
Дозалану режимі Тұрақсыз стенокардия Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы). Жедел миокард инфарктісі Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы). Қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 3 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау (тәулігіне 300 мг Аспирин кардио Операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін) 100 мг Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы). Емнің басталуына ең қолайлы уақыт, шамасы, аортакоронарлық шунттаудан кейін 24 сағаттан соң басталады. Ауруды алдын ала білдірушінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және инсульттің профилактикасы үшін 100 мг Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы). Кавасаки синдромы - Қызба кезеңіндегі қабынуды төмендету үшін Емдеуді иммуноглобулиндермен емдеу аясында тәулігіне 4 қабылдауға бөлінген, дене салмағының кг-на ацетилсалицил қышқылының 80-100 мг дозасынан бастау керек. - Коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін Емдеуді кейінірек (аурудың 2-3 аптасында) Аспирин кардио таблеткаларын тәулігіне дене салмағының кг-на 3-5 мг дозада қабылдаумен жалғастыру қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларын, кем дегенде, тамақтан 30 минут бұрын, көп мөлшердегі сумен ішу арқылы қабылдаған дұрыс. Белсенді заттың ішектегі сілтілі ортада босап шығуын қамтамасыз ету үшін, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды ұсақтауға, бөлуге немесе шайнауға болмайды. Жедел миокард инфарктісін емдеу үшін бірінші таблетканы тіспен бөлу немесе шайнау керек. Емдеу ұзақтығы Аспирин кардио ұзақ уақыт қолдануға арналған. Емдеудің ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігердің қабылдауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.