+76 бонус

АСПАН 40 мг №28 таб

1530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Представительство Компании АСФАРМА МЕДИКАЛ ДЕНТАЛ УРУНЛЕР ВЕ ИЛАЧ САНАИ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - пантопразол натрий сесквигидраты 45,10 мг (40.00 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, маннитол, кросповидон, повидон К90, хинолинді сары (Е104), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, тальк, тазартылған су, Опадрай OY-D-7233 ақ, тазартылған су, Acryl-Eze 93O32417 сары, тазартылған су. қабық құрамы Опадрай OY-D-7233 ақ : гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, полиэтиленгликоль 400, натрий лаурилсульфаты ішекте еритін қабық құрамы Acryl-Eze 93O32417 сары: эудрагит L-100/55, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат, хинолинді сары алюминий лагы 18-25% (Е104), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бикарбонаты, натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
Ересектерде: - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (рефлюкс-эзофагит) - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы - Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар - Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясында, Н.pylori-мен астасқан он екі елі ішек пен асқазанның ойық жарасы кезінде, бактерияларға қарсы тиісті еммен біріктірілімде
Қарсы көрсетілімдер
- пантопразолға, орнын басатын бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - атазанавирмен бірге қабылдау - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерде: - Рефлюкс-эзофагит: күніне 1 рет 1 таблеткадан (40 мг) қабылдау ұсынылады. Кейбір жағдайда доза күніне 2 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін. Емдеу курсы 4 аптаны құрайды, қажет болған жағдайда, емдеуді тағы 4 апта жалғастырады. - Бактерияға қарсы тиісті екі препаратпен біріктірілімде H. pylori эрадикациясында: H. pylori-мен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде бактериялардың эрадикациясын біріктірілген ем арқылы жүргізу қажет. Тағайындаған кезде бактериялардың резистенттілігіне және бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану және тағайындауға қатысты жергілікті ресми қағидаттарды (мысалы, ұлттық нұсқаулар) ескерген жөн. H. pylori эрадикациясы үшін резистенттілігіне байланысты келесі біріктірілімдер ұсынылуы мүмкін: Аспан 40 мг-ден тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг-ден тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг-ден тәулігіне 2 рет Аспан 40 мг-ден тәулігіне 2 рет +метронидазол 400 - 500 мг-ден тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин 250– 500 мг тәулігіне 2 рет Аспан 40 мг-ден тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг-ден тәулігіне 2 рет + метронидазол 400–500 мг-ден тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол). H. рylori эрадикациясына арналған біріктірілген емде Аспанның екінші таблеткасын кешкі асқа дейін 1 сағат бұрын қабылдаған жөн. Біріктірілген ем 7 күн бойына жүргізіледі және тағы да 7 күнге созылуы мүмкін (жалпы ұзақтығы – 2 аптаға дейін).  Пантопразолды одан әрі тағайындағанда асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде дозалау бойынша ұсынымдарды қарастыру қажет. H. рylori-ге теріс нәтиже алынған пациенттерде Аспанмен монотерапия жүргізгенде дозалаудың келесі қағидаттарын басшылыққа алуға болады: - Асқазанның ойық жара ауруының емі күніне 1 рет 1 таблеткадан (40 мг). Жекелеген жағдайда дозаны күніне 2 таблеткаға (80 мг) дейін, әсіресе басқа препараттармен емдеуден әсер болмаған жағдайда ұлғайтуға болады. Емдеу курсы 4 апта. Егер бұл жеткіліксіз болса, курс келесі 4 аптаға ұзартылады. - Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу: ұсынылатын доза күніне 1 таблеткадан (40 мг). Кейбір жағдайда дозаны күніне 2 таблеткаға (80 мг) дейін, әсіресе басқа препараттармен емдеу тиімсіз болғанда, арттыруға болады. Он екі елі ішектің ойық жара ауруының жазылуы әдетте 2 апта ішінде басталады. Егер бұл жеткіліксіз болса, курс келесі 2 аптаға ұзартылады. - Золлингер-Эллисон синдромы және асқазанның жоғары секрециясына байланысты басқа да патологиялық жағдайлар: Золлингер-Эллисон синдромын және басқа да патологиялық гиперсекреторлық жағдайларды ұзақ емдеген кезде емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг-нан 2 таблетка) бастаған жөн. Осыдан кейін доза тұз қышқылының секреция деңгейіне байланысты, қажеттілігіне қарай арттырылуы немесе төмендеуі мүмкін. Күніне 80 мг-нан жоғары дозаны күніне екі қабылдауға бөлу керек. Тәуліктік доза 160 мг-нан жоғарыға уақытша арттырылуы мүмкін, бірақ оны асқазан секрециясын адекватты бақылау кезеңіне қарағанда ұзағырақ қолдануға болмайды. Золлингер-Эллисон синдромын және жоғары асқазан секрециясымен байланысты басқа да патологиялық жағдайларды емдеу ұзақтығы шектелмейді және клиникалық қажеттілікке байланысты бейімделуі тиіс. Пациенттердің ерекше санаты Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету қажет емес. H. pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы препараттармен біріктірілген емде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Аспанды қолдануға болмайды, себебі осы пациенттерде біріктірілген емдеу кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде тәуліктік доза 20 мг пантопразолдан (20 мг пантопразол 1 таблеткасы) аспауы тиіс. Емдеу кезінде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда бауыр ферменттерінің деңгейін үнемі бақылау керек. Бауыр ферменттерінің деңгейі ұлғайған жағдайда препараттың қолданылуын тоқтату керек. Орташа немесе ауыр бауыр дисфункциясы бар пациенттерде H.pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде препаратты қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерде біріктірілген емдеу кезінде оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Аспан, ішекте еритін таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Суды аз мөлшерде ішіп, бүтіндей жұтып қою керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Аспанды тамақ ішкенге дейін 1 сағат бұрын қабылдау қажет. Қабылдау жиілігі мен ретін «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінен қараңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы қолдану көрсеткіштеріне байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.