+29 бонус

АСКОРБИНОВАЯ КИСЛОТА р-р д/ин. 50мг/мл 2мл №10 амп

590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аскорбиновая кислота (витамин С)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Лекхим-Харьков
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампула (2 мл) ішінде: 50 мг/мл доза үшін белсенді зат: 100,0 мг аскорбин қышқылы; қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты- 50,0 мг, натрий метабисульфиті (Е 223) – 2,0 мг, динатрий эдетаты -2,0 мг, инъекцияға арналған су - 2,0 мл дейін. 100 мг/мл доза үшін белсенді зат: 200,0 мг аскорбин қышқылы; қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты - 100,0 мг, натрий метабисульфиті (Е 223) – 2,0 мг, динатрий эдетаты -2,0 мг, инъекцияға арналған су - 2,0 мл дейін.
Қолданылуы
- гипо- және С авитаминозды емдеуге (С дәруменін тез толықтыру қажет болғанда және пероральді қолдану мүмкін болмаған кезде) - цинга
Қарсы көрсетілімдер
- аскорбин қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық - қант диабеті - қан ұюының жоғарылауы - тромбозға бейімділік - тромбофлебит - несеп-тас ауруы (оның ішінде гипероксалурия) - бүйрек жеткіліксіздігі - үдемелі қатерлі аурулар - гемохроматоз - талассемия - полицитемия - лейкемия - сидеробласты анемия - орақ тәрізді жасушалық анемия - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Дозасы
Аскорбин қышқылы дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек. Вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып және бұлшықет ішіне тағайындайды. Вена ішіне 1-3 минут бойына сорғалатып енгізіледі. Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 50-100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді және минутына 30-40 тамшы жылдамдықпен баяу вена ішіне инфузиялық жолмен енгізеді. Бұлшықетке терең бұлшықетішілік енгізіледі. Дозалар аурудың сипаты мен ауырлығын ескере отырып, жеке белгіленеді. Ересектерге С гиповитаминозы және геморрагиялық диатезі болғанда әдетте тәулігіне 50-150 мг тағайындалады. Цинга және қан кету кезінде тәуліктік доза 300-500 мг дейін артады. Ең жоғары бір реттік доза – 200 мг, тәуліктік доза – 1 г. 12 жасқа дейінгі балаларға 5% ерітінді (0,5–2 мл) түрінде дене салмағына 5-7 мг/кг тәуліктік дозада вена ішіне тағайындайды. Әдетте балалар үшін тәуліктік дозалар мынаны құрайды: 6 айға дейінгі жаста - 30 мг, 6–12 ай – 35 мг, 1–3 жас – 40 мг, 4–10 жас – 45 мг, 11–12 жас – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг. Пациенттердің ерекше топтары Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-500 мг аспауы тиіс. Егде жастағы науқастарды емдеу үшін қолдану. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылғанда қолдану. Бүйректе қайталанған тас түзілуі бар пациенттерге аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-200 мг аспауы тиіс. Ауыр немесе терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (диализдегі науқастар) аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 50-100 мг аспауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылғанда қолдану. Деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып енгізуге және бұлшықет ішіне тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.