+37 бонус

АСКОРБИНОВАЯ КИСЛОТА 5% 2 мл №10 амп Вит С Дальхимфарм

9:00-ден кейін қолжетімді
750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аскорбиновая кислота (витамин С)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Дальхимфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 л препараттың құрамында белсенді зат - аскорбин қышқылы, 50,0 г қосымша заттар - екі көмір қышқылды натрий (натрий гидрокарбонаты) - 23,85 г, сусыз натрий сульфиті (натрий сульфиті) - 2,0 г, инъекцияға арналған су - 1 л дейін.
Қолданылуы
- гипо- және С авитаминозды емдеу (С дәруменін тез толықтыру қажет болғанда және пероральді қолдану мүмкін болмаған кезде). - цинга.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қант диабеті - гиперкоагуляция - тромбозға бейімділік, тромбофлебит - несеп-тас ауруы (оның ішінде гипероксалурия) - бүйрек жеткіліксіздігі - үдемелі қатерлі аурулар - гемохроматоз - талассемия - полицитемия - лейкемия - сидеробласты анемия - орақ тәрізді жасушалық анемия - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Дозасы
Дозалар аурудың сипаты мен ауырлығын ескере отырып, жеке белгіленеді. С гиповитаминозы және геморрагиялық диатезі болғанда ересектерге әдетте күніне 50-150 мг тағайындалады. Цинга және қан кету кезінде тәуліктік доза 300-500 мг дейін артады. Ең жоғары бір реттік доза 200 мг, тәуліктік – 1 г. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға 5% ерітінді (0,5-2 мл) түрінде дене салмағына 5-7 мг/кг тәуліктік дозада вена ішіне тағайындайды. Әдетте балалар үшін тәуліктік дозалар мынаны құрайды: 6 айға дейінгі жаста – 30 мг, 6-12 ай – 35 мг, 1-3 жыл – 40 мг, 4-10 жас – 45 мг, 11-14 жас – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректе тас түзілуі қайталанатын пациенттер үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-200 мг аспауы тиіс. Ауыр немесе терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (диализдегі науқастар) аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 50-100 мг аспауы тиіс. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-500 мг аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.