+213 бонус

АСИБРОКС 600мг №10 таб шипучих

4270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Эстония
  • Өндіруші: Квадрат-С ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: ацетилцистеин 600 мг, қосымша заттар: аскорбин қышқылы, натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, натрий цитраты, макрогол 6000, натрий сахарині, «Лимон» хош иістендіргіші.
Қолданылуы
- қою, бөлінуі қиын шырыш секрециясының артуымен сипатталатын жедел және созылмалы респираторлық бұзылулар.
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар балаларда – 6 жасқа дейін
Дозасы
Жедел аурулар кезіндегі стандартты доза. 12 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 1 рет 1 таблеткадан. Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін. Айрықша дозалау схемалары Ұзақ мерзімді емдеу: күніне 600 мг, емдеудің максималды ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін. Егер секреттің шамадан тыс түзілуі және нәтижесінде 2 апталық емдеуден кейін жалғасатын жөтел болса, басқа ауруларды, мысалы, респираторлық жолдың қатерлі ауруларды болдырмау үшін диагнозды қайта қарау ұсынылады. Муковисцидоз: жоғарыда айтылғандай, 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 таблеткадан. Енгізу жолы және тәсілі Ішке қабылдау үшін. Құрамында 600 мг ацетилцистеин бар бір таблетканы бөлме температурасында 200 мл ауыз суда ерітіңіз. Тағамның препараттың сіңуіне әсері белгісіз, сондықтан ацетилцистеинді қабылдауға байланысты (дейін немесе кейін) ұсынымдар жоқ. Сұйықтықты қосымша қабылдау ацетилцистеиннің муколитикалық әсерін күшейтеді. Ерігеннен кейін бірден қабылдаңыз, ерекше жағдайларда дайын ерітіндіні 2 сағатқа қалдыруға болады. Туба ашылғаннан кейін күкірттің жеңіл иісі сезілуі мүмкін, ол тез буланып кетеді; бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі емес (≥1/1000, <1/100) - аса жоғары сезімталдық реакциялары - бас ауыруы - құлақтың шыңылдауы - тахикардия - құсу, диарея, стоматит, іш маңының ауыруы, жүрек айнуы - есекжем, бөртпе, ангионевроздық ісіну, қышыну, экзантема - қызба - гипотония Сирек (≥1/10 000; <1/1 000) - бронх түйілуі, диспноэ - диспепсия Өте сирек (<1/10 000) - анафилаксиялық шок, анафилаксиялық / анафилактоидтық реакция - қан кету Белгісіз - беттің ісінуі Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы сияқты ацетилцистеинді қабылдау кезінде терідегі ауыр реакциялар дамуының өте сирек жағдайлары тіркелген. Көптеген жағдайларда жоғарыда аталған синдромдардың шығу тегіне қатысы бар ықтималдығы жоғары кем дегенде тағы бір күмәнді дәрілік препарат анықталды; дегенмен, тері мен шырышты қабық тарапынан өзгергерістер болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралған жөн. Бұл жағдайда ацетилцистеинді қабылдауды дереу тоқтату керек. Кейбір зерттеулер ацетилцистеинді қабылдау кезінде тромбоциттер агрегациясының төмендеуін растады. Бұл деректердің клиникалық мәні қазіргі уақытта анықталмаған. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.