+110 бонус

АРТРОЗАН 15 мг №20 таб Мелоксикам

9:00-ден кейін қолжетімді
2200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - мелоксикам 15,0 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты 150 мг, повидон (поливинилпирролидон, повидон К-25), натрий цитраты 27 мг, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил).
Қолданылуы
- сүйек-бұлшықет жүйесінің қабынбалы және дегенеративтік ауруларының (артроздар, остеоартроз, полиартропатия) өршулерін қысқа мерзімдік симптоматикалық емдеу - ревматоидты артритті ұзақ мерзімдік симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- мелоксикамға немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП бірге пайдаланған кезде демікпе белгілері, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем болғанда; - коронарлы артерияларды шунттауға арналған трансплантатты (КАШТ) орналастырған аумақтың периоперациялық кезеңінде ауыруы; - өршу фазасында асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы өзгерулері/тесілуі, оның ішінде анамнезіндегі; - жақында бастан өткерілген ішектің жедел қабыну аурулары (спецификалық емес ойық жара колитінің өршу фазасы, Крон ауруы); - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (егер гемодиализ жүргізілмесе); - ойық жаралы асқазан-ішектік қан кету, таяуда бастан өткерілген цереброваскулярлы қан кету немесе басқа да геморрагиялық аурулар, оның ішінде анамнезіндегі; - жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі; - жүктілік және бала емізу кезеңі; - 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Пациентте препараттың қандай да бір ингредиентімен үйлеспейтін сирек тұқым қуалайтын аурулар бар болған жағдайда Артрозан® препаратын қолдануға болмайды.
Дозасы
Емдеу ұзақтығына және дозаның артуына байланысты жағымсыз құбылыстардың дамуын болдырмау үшін, емдеу ұзақтығы мен ең төменгі тәуліктік дозаны мүмкіндігінше азайту керек. Артрозан® препаратын тек ересектер мен 16 жастан асқан балаларға тағайындауға болады. - ревматоидты артритте: тәулігіне 15 мг. Емдік әсеріне жеткеннен кейін дозасы тәулігіне 7,5 мг дейін төмендетілуі мүмкін. - остеоартрозда: тәулігіне 7,5 мг. Тиімсіз болса, дозасы тәулігіне 15 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. - шорбуынданатын спондилоартрите: тәулігіне 15 мг. Емдік реакциясына байланысты дозаны тәулігіне 7,5 мг дейін азайтуға болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерде және жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылығы бар пациенттерде ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилитті ұзақ емдегенде ұсынылатын доза тәулігіне 7,5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылығы бар пациенттердегі бастапқы доза тәулігіне 7,5 мг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Гемодиализде жүрген, терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Артрозан® препаратының дозасы 7,5 мг аспауы тиіс. Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі қалыптан минутына 25 мл-ден астам емес төмендеген) доза төмендету талап етілмейді. Гемодиализ жүргізілмейтін, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін Артрозан® препаратын қабылдауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін. 16 жастан асқан балалар Ең жоғары тәуліктік доза 0,25 мг/кг құрайды және 15 мг-ден аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды тамақтану кезінде сумен немесе басқа сұйықтықпен ішу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәуліктік дозаны бір рет қабылдаған жөн. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 15 мг-ден аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер жекелей тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.