+141 бонус

АРТРОКОЛ 2,5% 45 г гель

2830 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г гельдің құрамында белсенді зат – кетопрофен 25 мг, қосымша заттар: карбомер 980, троламин, этанол 96% 320 мг, метилпарагидроксибензоат 1 мг, тазартылған су.
Қолданылуы
- спорттық жарақаттар, шығып кету, созылу және cоғылу сияқты жарақаттан туындаған қаңқа-бұлшықет жүйесінің жедел ауырсыну жағдайларын жеңілдету; - ауыр емес артрит кезіндегі ауырсыну.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - анамнездегі фотосезімталдық реакциялары - демікпе симптомдары, аллергиялық ринит сияқты, кетопрофенге, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) - анамнезде кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-блокаторларға немесе хош иісті заттарға терінің аллергиялық реакциялары - күн сәулесінің әсеріне ұшыраған пациенттер, тіпті күн тұманы кезінде, сондай-ақ солярийдегі УК-сәуледе, емдеу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 2 апта бойы - жүктіліктің үшінші триместрі - экзема немесе акне сияқты терінің патологиялық өзгерістері бар пациенттер. Препаратты инфекция жұқтырған теріге немесе ашық жараларға, шырышты қабықтарға, артқы өтіс пен гениталий аймағына, көзге жағуға немесе окклюзиялық таңғыштармен қолдануға болмайды.
Дозасы
Ересектер: препаратты тәулігіне 2-4 рет 7 күнге дейін дененің ауыратын немесе қабынған дене бөлігінің терісіне жағады. Абайлап жағып, гельдің теріге енуі үшін жақсылап ысқылау керек. Гельдің әдеттегі ұсынылатын тәуліктік дозасы - 15 г (7,5 г шамамен 14 см гельге сәйкес келеді). Егде жастағы пациенттер: егде жастағы пациенттерге арналған дозалау бойынша ерекше ұсынымдар анықталмаған. Балалар: балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені осы жас тобында қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Препарат сыртқа қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.