+144 бонус

АРТРОКОЛ 100 мг 2 мл №5 ампул

2880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампула препараттың құрамында белсенді зат – кетопрофен 100 мг, қосымша заттар: аргинин, лимон қышқылы моногидраты, бензил спирті 40 мг, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кетопрофеннің анальгезиялық және қабынуға қарсы әсерін, оны қолдану кезінде дамитын жағымсыз реакциялардың айқындығына, сондай-ақ қазіргі уақытта қолжетімді қабынуға қарсы дәрілік заттар арсеналындағы оның орнын ескере отырып, препарат 15 жастан асқан жасөспірімдерге және ересектерге келесі көрсеткіштер бойынша пайдаланылады: - ауырсыну синдромының қысқа мерзімді симптоматикалық емі: буын ревматизмі (ревматоидты артрит) белдегі жедел ауырсыну радикулалгия - неопластикалық процесстермен байланысты ауырсыну синдромын емдеу - бүйрек шаншуы кезінде ауырсыну синдромын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; бронх түйілуі, бронх демікпесінің ұстамасы, ринит, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа да типтері, кетопрофен, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және анамнезінде басқа да қабынуға қарсы стероидты емес заттар (ҚҚСЗ) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары (мұндай пациенттерде ауыр анафилаксиялық реакциялар тіркелген, сирек жағдайларда өліммен аяқталған); жүктілік кезеңі (жүктіліктің 6-айынан бастап немесе жүктіліктің 24-аптасынан кейін); анамнезінде жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету,  ойық жара немесе тесілу; асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе өзге де белсенді қан кету; бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі; бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі; жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі; қан ұюының бұзылуы немесе антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу (қарсы көрсетілімдер препаратты енгізу әдісімен байланысты (бұлшықетішілік инъекция)); Препараттың құрамында бензил спирті бар, сондықтан оны жаңа туған балаларға, оның ішінде шала туған балаларға қолдануға болмайды.
Дозасы
Препаратты симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең төменгі тиімді дозада, ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдалану ұсынылады. 200 мг тәуліктік дозада кетопрофенмен емдеуді бастамас бұрын пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет. Неғұрлым жоғары тәуліктік дозадағы дәрілік затты емдеудің ең жоғары ұзақтығын ескере отырып, бүйрек шаншуы кезінде (тиісті түрде расталған диагноз) ауырсыну синдромын емдеу кезінде ғана пайдалану керек. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда дәрілік заттың тәуліктік дозасын 2-3 инъекцияға бөлген дұрыс. Ауырсыну синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу, сондай-ақ неопластикалық процесстермен байланысты ауырсыну синдромын емдеу Тәулігіне 1-2 ампула (100-200 мг кетопрофен); емдеу ұзақтығы 2-3 күнді құрайды (бұдан кейін қажет болған жағдайда емді дәрілік затты пероральді немесе ректальді дәрілік түрде пайдалана отырып жалғастырады). Бүйрек шаншуы кезіндегі ауырсыну синдромын емдеу 1-3 ампула (100-300 мг кетопрофен) тәулігіне; емдеудің ең жоғары ұзақтығы 48 сағаттан аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі  бар пациенттер және егде жастағы пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде емдеуді кетопрофеннің ең аз дозасынан бастау ұсынылады, кейіннен қажет болған жағдайда бүйрек функциясын ескере отырып, дәрілік заттың бастапқы дозасын түзету керек. Гиповолемия бар пациенттер «Арнайы сақтандырулар» бөлімді қараңыз. Енгізу әдісі мен жолы Препарат бұлшықет ішіне енгізуге ғана арналған. Инъекцияны қатаң асептикалық жағдайларда орындау қажет; ерітіндіні бөкселердің жоғарғы сыртқы квадрантына терең, баяу енгізу қажет. Препаратты бірнеше рет енгізгенде инъекцияларды сол және оң бөкселерге кезекпен орындау керек. Ерітіндіні енгізер алдында иненің қантамырларына түспегеніне көз жеткізу үшін аспирациялық сынама жүргізу қажет. Егер инъекция кезінде қатты ауырсыну пайда болса, емшараны дереу тоқтату керек. Ұршық буынның эндопротезі бар пациенттерге инъекцияны қарама-қарсы жағына жүргізу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.