АРТОКСАН 20 мг №10 таб

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Теноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 мг теноксикам, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты. Қабық құрамы: Опадри сары 02F22025 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, темірдің сары тотығы (Е172), тальк.
Қолданылуы
• ауырсыну синдромымен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті аурулар (симптоматикалық ем): - ревматоидты артрит; - остеоартроздың өршуі (қысқа мерзімді емдеу); - шорбуындаған спондилит; - буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, иық немесе ұршықбуынның периартриті); - подагра өршуі; • операциядан кейінгі ауырсыну синдромы
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, басқа ҚҚСД-ға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бронх демікпесі, ринит, есекжем, ангионевроздық ісіну немесе анамнезде салицилаттарға (артериялық гипотензия, шок) және басқа да ҚҚСД-ға анафилаксия сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары; - асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі, оның ішінде анамнезде ҚҚСД алдыңғы емімен байланысты; - жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету, анамнезінде қайталанатын ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (ойық жараның пайда болуының немесе қан кету дамуының екі немесе одан да көп дәлелденген эпизодтары); - галактоза жақпаушылығы (галактоземия), лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулар; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; - жүктіліктің үшінші триместрі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Дозалану режимі Жағымсыз реакциялардың туындау қаупін мейлінше азайту мақсатында Артоксанды симптомдарды жеңілдету үшін қажетті барынша қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдалану ұсынылады. Барлық көрсетілімдер (операциядан кейінгі ауырсыну синдромын қоспағанда) кезінде ұсынылған доза тәулігіне 1 рет (дұрысы тәуліктің бір уақытында) 20 мг теноксикамды (1 таблетка) құрайды. Пациенттердің көпшілігінде демеуші доза ретінде пайдалануға болатын теноксикамның 20 мг тәуліктік дозасынан асырмаған жөн, себебі бұл ретте айқын емдік әсерге әрдайым қол жеткізілмейді, ал жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі артады. Ұзаққа созылатын емді қажет ететін пациенттерде теноксикамның 10 мг (1/2 таблетка) тәуліктік демеуші дозасы тиімді болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде де, қысқа мерзімді емдеу кезінде де теноксикамды 10 мг дозада қолдану ұсынылады. Созылмалы ауруларды емдеу кезіндегі емдік әсер емнің басында байқалады, ал емдеуге алынған жауап уақыт өте келе артады. Остеоартроздың өршуі кезінде емдеу ұзақтығы 15 күннен аспауы тиіс. Подагра өршіген кезде ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 20 мг теноксикамды (1 таблетка) құрайды; емнің ұзақтығы 7 күнді құрайды. Операциядан кейінгі ауырсыну синдромы кезінде ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 40 мг теноксикамды (2 таблетка) құрайды; емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Бастапқы дисменорея кезінде ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 20 мг теноксикамды (1 таблетка) құрайды; ем ұзақтығы 2 күнді құрайды, қажет болған жағдайда ол 1-3 күнге ұлғайтылуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды тамақ ішу кезінде бір стақан суды іше отырып, ішке қабылдайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек немесе бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде Артоксанды жоғарыда көрсетілген ұсынылған дозаларда қолдануға болады (бұл пациенттерде қан плазмасындағы теноксикамның концентрациясы дозаны түзетусіз дені сау еріктілердегі концентрацияға ұқсас болған) Балалар 18 жасқа дейінгі пациенттерде Артоксанды дозалау бойынша ұсынымдар жоқ, себебі пациенттердің бұл санатында препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялардың дамуымен байланысты ауыр асқынулардың пайда болу қаупі артады. Егер қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолдану қажет деп саналса, оларды барынша қысқа уақыт кезеңі ішінде мейлінше аз тиімді дозада пайдалану керек. ҚҚСД емдеу кезінде асқазан-ішектен қан кету симптомдарын ерте анықтау мақсатында пациенттерге үнемі мониторинг жүргізу қажет. Егде жастағы пациенттер және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр циррозы бар пациенттердегі зерттеу деректері мұндай пациенттерде қан плазмасында дәрілік заттың дені сау еріктілердегі концентрацияларына ұқсас концентрацияларға жету үшін теноксикамның дозасын түзету қажеттілігі жоқ екенін айғақтайды. Ревматизмдік аурулары бар пациенттерде теноксикамның фармакокинетикалық бейіні дені сау еріктілердегі осындайларға ұқсас. Теноксикам қан плазмасының ақуыздарымен байланысатындықтан, дәрілік затты альбуминның қан плазмасындағы концентрациясы едәуір төмендеген пациенттерде пайдаланған кезде сақтық таныту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.