+198 бонус

АРПЕФЛЮ 100 мг №30 таб

3960 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Умифеновир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: БЕЛАРУСЬ
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - умифеновир гидрохлориді 50 мг немесе 100 мг, қосымша заттар: повидон (К 17), микрокристалды целлюлоза, модификацияланған жүгері крахмалы (Starch 1500), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, лактоза моногидраты, опадрай II ақ (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль, тальк).
Қолданылуы
- А және В тұмауы, жедел респираторлы-вирустық инфекциялар (ЖРВИ) - созылмалы бронхитті, пневмония мен қайталанатын герпес инфекциясын кешенді емдеу құрамында - эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ профилактикасы - операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы - 6 жастан асқан балаларда этиологиясы ротавирустық жедел ішек инфекцияларын кешенді емдеу құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балалар - жүктілік және бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі, глюкоза, галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Бір реттік доза: 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге - 200 мг (100 мг-ден 2 таблетка немесе 50 мг-ден 4 таблетка). Спецификалық емес профилактика үшін Тұмаумен және басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялармен ауырған науқаспен тікелей байланыста болғанда: - 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – күніне бір рет 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге –10-14 күн бойы күніне бір рет 200 мг. Тұмау және басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялар эпидемиясы кезеңінде: - 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге –3 апта бойы аптасына екі реттен 200 мг. Емдеу үшін Асқынуларсыз тұмау, басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялар: – 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге – 5 күн бойы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг.  Созылмалы бронхитті, пневмонияны, герпестік инфекцияны кешенді емдеуде: - 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг – ден, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге  – 5-7 күн бойы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг, содан кейін бір реттік дозаны аптасына 2 рет 4 апта бойы. 6 жастан асқан балалардағы этиологиясы ротавирустық жедел ішек инфекцияларын кешенді емдеу: – 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг-ден, 12 жастан асқан балаларға 200 мг-ден тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 күн бойы . Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы: –6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге – операцияға 2 күн қалғанда бір рет 200 мг, сосын операциядан кейін 2-нші және 5-інші күні дәл сол дозада бір рет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тамақтанған соң 2 сағаттан кейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.