+450 бонус

АРЛЕВЕРТ №20 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
9000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді заттар: циннаризин 20 мг, дименгидринат 40 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, тальк, гипромеллоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, кроскармеллоза натрий тұзы, тазартылған су.
Қолданылуы
Шығу тегі әртүрлі бас айналуын симптоматикалық емдеуде. Арлеверт® ересектерге қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- дифенгидраминге және/немесе циннаризинге немесе құрылымы ұқсас басқа да антигистаминді дәрілердің белсенді заттарына, немесе препараттардың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы (креатинин клиренсі 25 мл/мин) - бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы - жабық бұрышты глаукома, құрысулар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауына күдік бар пациенттер, сондай-ақ несеп шығару каналы мен простата тарапынан бұзылулардан туындаған алкоголизм мен несептің іркілуінен зардап шегетін пациенттер - 18 жасқа дейінгі балалар - жүктілік - лактация кезеңі
Дозасы
Тәулігіне бір таблеткадан 3 рет. Егде жастағы пациенттерде ересектерге арналған сияқты доза қолданылады. Бүйрек дисфункциясында: бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бұзылған пациенттерде Арлеверт® сақтықпен қолдану керек. Креатинин клиренсі < 25 мл/мин (бүйрек функциясының ауыр бұзылуы) пациенттерде Арлеверт® қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылуында: бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Арлеверт® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмеген. Бауыр функциясының ауыр бұзылуында Арлеверт® препаратын қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Тамақтан кейін шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Жалпы, препаратты қабылдау ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. Ұзағырақ емдеу туралы шешімді дәрігер қабылдауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.