+455 бонус

АРКОКСИА 60 мг №28 таб

9100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эторикоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Merck Sharp & Dohme B.V.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 60 мг, 90 мг, 120 мг эторикоксиб бар, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: Опадрай® II Жасыл 39К11520 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, триацетин, индигокармин лагы Е132, темірдің (III) сары тотығы Е172), карнауб балауызы (60 мг үшін); Опадрай® II Ақ 39К18305 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, триацетин), карнауб балауызы (90 мг үшін); Опадрай® II Жасыл 39К11529 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, триацетин, индигокармин лагы Е132, темірдің (III) сары тотығы Е172), карнауб балауызы (120 мг үшін).
Қолданылуы
остеоартритте ревматоидты артритте шорбынданған спондилитте жедел подагралық артритке байланысты қабыну ауырулары мен симптомдарын симптоматикалық емдеуде стоматологиялық операция жасаумен байланысты орташа ауыруды қысқа мерзімдік емдеуде ЦОГ-2 селективті тежегішін тағайындау туралы шешім пациент үшін барлық жеке қауіптерге берілген бағаға негізделуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компонентке аса жоғары сезімталдық өршу сатысындағы пептикалық ойық жара немесе асқазан-ішектік жедел қан кету циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылы немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде бронхтың түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Препаратты тамақ ішуге қарамай ішке қабылдай беруге болады. Егер препаратты тамақ ішудің алдында қабылдаса, әсері тез басталады, мұны симптомдарды тезірек бәсеңдету қажет болғанда ескеру керек. Эторикоксибті қолданған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қаупі дозаны арттырғанда және ұзақ қолданғанда жоғарылауы мүмкін болғандықтан, барынша қысқа уақыт кезеңінде тиімді ең төмен дозаларды пайдалану керек. Әсіресе остеоартриті бар пациенттерде симптомдарды жеңілдету қажеттілігіне және жүргізілген емге жауапқа мезгіл-мезгіл баға беруді қайталап отыру керек. Остеоартрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері жоқ болғанда басқа да ықтимал емдеу әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек. Ревматоидты артрит. Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг немесе 90 мг. Тиімді ең төмен тәуліктік доза күніне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Шорбуынданатын спондилит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтимал емдеу әдістерін қарастыру керек. Жедел ауыру жай-күйі Эторикоксибті тек қатты ауыру симптомдары кезеңінде қолдану керек. Жедел подагралық артрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру. Ұсынылатын доза ең көбі 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін қажет болғанда Аркоксиаға қосымша операциядан кейінгі ауыруды басу үшін басқа да әдістер қарастыру қажет болуы мүмкін. Әр көрсетілім үшін ұсынылғаннан жоғары дозалардың не қосымша тиімділігі жоқ, не болмаса зерттелмеген. Сондықтан: - ОА-да доза тәулігіне 60 мг-ден аспауы тиіс - РA-да және шорбуынданатын спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс - жедел подаграда доза тәулігіне 120 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 8 күн бойы жүргізіледі - стоматологиялық операциядан кейінгі қатты ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі. Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Басқа препараттарды қолданғандағыдай егде жастағы пациенттерде сақтық таныту керек. Бауыр функциясының бұзылуы. Ауырлығы жеңіл дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 5-6 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ден асыруға болмайды. Ауырлығы орташа дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 7-9 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, қолданылуына қарамай, дозаны күніне бір рет 30 мг-ден асырмау керек. Препаратты қолданудың, атап айтқанда, бауыр функциясы ауырлығы орташа бұзылуы бар пациенттерде клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясы ауыр түрде бұзылған (Чайлд–Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты мұндай пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы. Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл пациенттерде препарат дозасын түзетудің қажеттілігі жоқ. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибты қолдануға болмайды. Балалар. Эторикоксибті 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.